Шаңырақ шаттығы
Дата: 08.09.2026 Рубрика: Туған жер
0
6
0
Отбасы – әр адамға мейірім мен тәрбие беретін алтын ұя. Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, еңбек ету, білімге ұмтылу сияқты жақсы қасиеттердің бәрі ең алдымен отбасында қалыптасады. Осындай өнегелі шаңырақтарды дәріптейтін «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының Қостанай облыстық кезеңі қорытындыланды.
Бас жүлде Биекиндер отбасында
Марапаттау рәсімі Қостанай қаласындағы I-Qostanay смарт орталығында өтті. Биыл облыстың әр өңірінен 98 отбасы байқауға қатысып, өздерінің отбасылық дәстүрі мен жетістіктерін таныстырды. Облыстық кезеңнің Бас жүлдесін Арқалық қаласынан келген Қапар Биекин мен Жұлдызай Әбілхайырованың отбасы жеңіп алды. Бұл отбасының шаңырақ көтергеніне биыл 53 жыл толған. Ерлі-зайыпты төрт бала тәрбиелеп, бүгінде 14 немеренің қызығын көріп отыр. Биекиндер отбасы үшін адал еңбек, білімге ұмтылу және ел өміріне белсенді араласу – басты құндылық. Отағасы Қапар Шайсұлтанұлы ұзақ жылдар еңбек етіп, қоғам дамуына өз үлесін қосты. Еңбегі еленіп, бірнеше рет марапатталған. Енді Биекиндер отбасы Қостанай облысының атынан республикалық кезеңде бақ сынайды. Жеңімпаз отбасына 1 миллион теңгенің сертификаты табысталды.
Өнер – ұрпаққа аманат
Байқауда биыл алғаш рет үш арнайы номинация енгізілді. Соның бірі – «Ұрпақ сабақтастығын ұлықтаған отбасы». Бұл номинацияға Әбдрахман Нағашыбайұлы мен Әйгерім Қайбарқызының отбасы лайық деп танылды. Жеті бала тәрбиелеп отырған бұл әулетте өнерге деген сүйіспеншілік ерекше орын алады. Отбасындағы өнер дәстүрі Торғай өңіріне танымал жыршы, термеші Нағашыбай Алпысовтан бастау алған. Оның өнері балалары мен немерелеріне жалғасып келеді. Әбдрахман мен Әйгерімнің үлкен ұлы Мұхаммед-Рахым да сахнаға шығып, отбасылық дәстүрді жалғастырып жүр. Нағашыдан балаға, атадан немереге жалғасқан өнер – қарашаңырақтың қымбат қазынасы.
Ұстаздық пен спорт – әулет жолы
«Ұстаздық пен спорттың ұлағатты әулеті» номинациясы Б.Майлин ауданынан келген Горбенко әулетіне табысталды. Бұл әулеттегі педагогикалық еңбек өтілі – 67 жыл, ал спорттағы жалпы еңбек өтілі 168 жылды құрайды. Әулет тарихында ұстаз әрі жаттықтырушы Владимир Горбенконың орны ерекше. Ол ауыл мектебінде ұзақ жыл еңбек етіп, көптеген шәкірт тәрбиелеген. Бүгінде оның есімі Майская орта мектебінің спорт залында сақтаулы. Горбенко әулетінің ұрпақтары да ұстаздық пен спортты өмірлік жолына айналдырып келеді.
Лисаковск қаласынан келген Бектановтар отбасы «Отанға қызмет – отбасы құндылығы» номинациясының жеңімпазы атанды. Ерлан мен Ботагөз Бектановтар отбасын құрғанына 25 жыл болып, үш бала тәрбиелеп отыр. Балалары да ата-анасының өнегесін жалғастырып келеді. Үлкен ұлы прокурордың көмекшісі болса, екінші ұлы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде офицер болып қызмет етеді. Ал кенже қызы мектепте жақсы оқып, олимпиадалар мен спорттық жарыстарға белсенді қатысады. Бұл шаңырақ үшін Отанға қызмет ету, еңбекқорлық, жауапкершілік және ұлттық дәстүрді сақтау – басты құндылықтар.
Әр отбасының – өз тарихы бар
Байқаудың облыстық кезеңінде Амангелді ауданынан келген Нұрқановтар, Әулиекөл ауданынан келген Оспановтар және Рудный қаласының Алиевтер отбасы да марапатталды. Нұрқановтар отбасы 37 жыл бірге өмір сүріп, үш бала тәрбиелеген. Бүгінде жеті немеренің ата-әжесі. Олар ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, екі ұлын ішкі істер органдарында қызмет етуге тәрбиелеген. Оспановтар шаңырағы 33 жыл отбасылық өмір сүріп, үш бала өсірген. Бүгінде бес немеренің қызығын көріп отыр. Отағасы Айбек Оспанов медицина саласындағы еңбегімен қатар қоғамдық және шығармашылық шараларға белсенді қатысады. Ал Рудныйдан келген Алиевтер отбасы еңбекті спортпен ұштастырып жүрген жанұя ретінде ерекшеленді. Әділбек Алиевтің еңбек және спорт саласында бірқатар марапаты бар. Ол шағын футболдан бірнеше рет үздік қақпашы атанған.
«Отбасы – алтын діңгек»
Марапаттау рәсімінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов отбасының қоғамдағы маңызына тоқталды. «Қоғамымыздың алтын діңгегі – отбасы. Бала қамқорлықты, адамгершілік пен жауапкершілікті ең алдымен отбасынан үйренеді. Сондықтан отбасындағы тәрбие мен құндылықтардың маңызы зор», – деді ол.
Байқаудың басты мақсаты да – отбасы мен некенің жақсы үлгісін көрсету, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және отбасының қоғамдағы мәртебесін арттыру. Қарашаңырақ – тек ата-баба қонысы емес. Ол – ұрпаққа үлгі болатын тәрбие мектебі, салт-дәстүр сақталатын қасиетті мекен. «Мерейлі отбасы» байқауына қатысқан әр шаңырақ осыны өз өмірімен дәлелдеді. Барлық лауреаттарға облыс әкімінің грамоталары мен сертификаттары табысталды.
Ал Арқалықтың Биекиндер отбасы енді республикалық кезеңде Қостанай облысының намысын қорғайды. Ақ батамен аттанған қарашаңырақтың жолы әрдайым ашық болсын!
Айзия Қыдырбек

Комментарии