Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қазақтың данасы

Дата: 05.05.2020 Рубрика: Туған жер
781
0
Қазақтың данасы
Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Биыл Абай атамыздың туғанына 175 жыл толып отыр. Осы орайда 3 сынып оқушылары арасында «Абай – қазақтың данасы» атты әдеби іс-шара өткізілді. Осы іс-шарада оқушылар ақынның өмірімен, шығармашылығымен танысты. Сондай-ақ, оқушылар «Абайдың оралуы» атты шағын көрініс сахналады. Абай Құнанбаевтың кітаптарынан құрылған көрмені тамашалады. Көрмеде Абай атамыздың туған жері Семей қаласындағы мұражайындағы бірнеше суреттермен танысты. Абай Құнанбаев туралы бейне жазбалар көрді. Оқушылар Абайдың «Жаз», «Күз», «Қыс» өлеңдерінен қазақ және орыс тілдерінде үзінді оқыды. Шара соңы жайылған дастарханнан дәм татумен аяқталды. Осы тәрізді іс-шаралар жиі ұйымдастырылса, оқушыларымыз өз данышпандарын еш ұмытпай, үнемі дәріптеп жүрері сөзсіз.

Гүлзира ДОСМАҒАНБЕТОВА Тоғызақ орта мектебі Қарабалық ауд

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!