Кітап оқы, ерінбе
Дата: 05.05.2020 Рубрика: Туған жер
0
653
0
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шек теліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек. Бұл – мемлекеттің міндеті», - деп қазақ тіліне 100 оқулықтың тәржімалануына нақты тапсырмалар берген еді. Осыдан соң Ұлттық аударма бюросы құрылып, білікті мамандар жұмысқа жұмылдырылды. 102 кітап таңдап алынды. Осы уақыт аралығында қазақ тіліндегі жаңа 48 еңбек оқырмандарға жол тартты. Осы кітаптарды оқып, білімімізді толықтыру өз қолымызда. Елбасының бастамасы жастардың қамы екені белгілі.
Айсұлу ОРЫНБАЕВ
Айсұлу ОРЫНБАЕВ
Комментарии