Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Туған өлке тарихы

Дата: 05.05.2020 Рубрика: Туған жер
1709
0
Туған өлке тарихы
Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» жөніндегі бастамасына сәйкес бүгінде еліміздегі тарихи ескерткіштер мен киелі жерлердің мән-маңызы жан-жақты зерделеніп Дүниежүзі бойынша жер көлемі жағынан тоғызыншы орын алатын жатыр. елімізде киелі жерлер жетерлік. Әйтсе де, олардың жеткілікті дәрежеде зерттеліп, дәріптелмеуі салдарынан халқымыз олардың көбісінің барынан хабарсыз. Әйтпесе, осынау Ұлы Даланың қойны-қонышында тарихынан талай сырды шертетін киелі жерлер, құпиясы көп қасиетті мекендер көп-ақ. Осы орайда елімізде енді қолға алынып жатқан «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы қазақтың кең даласындағы қасиетті жерлер мен мекендерді жете зерттеп, халыққа жеткізуді мақсат етіп отыр. Сондықтан, алдағы уақытта еліміздегі тарихи маңызы бар, көпшіліктің назарын аударатындай киелі жерлеріміздің терең зерттеліп, танылатынына үміт зор! Тарихи рухани мол мұраға да ие екенімізді танытуымыз керек. Жалпы барлық елдерде мұндай қасиетті, киелі жерлер баршылық. Олар жайында білгенімізді бөліскіміз келеді. Сарытүбек ауылы (Ахмет Байтұрсыновтың туған жері) Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі Қостанай облысы Торғай атырабындағы Сарытүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Байтұрсын Шошақұлы шаңырағында 1872 жылы дүниеге келген. Жангелдин ауданы Ақкөл ауылына жақын тұста, бұрынғы іргетасы үстіне өңделмеген кірпіш қаланып қалпына келтірілген Ахмет Байтұрсыновтың өмірге келген үйі бар. Сонымен қатар әулетінің үлкен қорымы бар. Осы жерде Ахметтің әкесі Байтұрсын, ағалары Қали мен Мәшен жерленген 1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытты. 1905 жылы жер мәселесі, қазақтың өз жерін өзіне қайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болды. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907, 1909 жылдары абақтыға қамалды. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылды. Халықтың ой санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А. Крылов мысалдарын аударып, «Қырық мысал» жинағын шығарды. Қазақ поэзиясында өзіндік жаңалық әкелген «Маса» жинағы А.Байтұрсынұлының ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізе білді. 1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатұлымен бірге «Қазақ» газетін шығарды. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1937 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз атылды.

Алтын БИЖАНОВА

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!