Байқауда Бас жүлдені жеңіп алды
Дата: 25.08.2026 Рубрика: Туған жер
0
4
0

Қостанайлық жас өнерпаз Нұржайна Таубалды халықаралық деңгейдегі өнер додасында топ жарып, туған өңірдің мерейін үстем етті.
Алматы қаласында өткен «95 конкурс» халықаралық көпжанрлы өнер байқауында вокал жанры бойынша өнер көрсеткен жас әнші қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, Бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ оған жоғары дәрежелі диплом табысталды.
Байқау барысында Нұржайна қазақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін дәріптейтін «Жаса туған жер» әнін орындады. Әннің мазмұнын жүрекпен жеткізе білген өнерпаз өзінің дауыс мүмкіндігімен, орындаушылық шеберлігімен және сахна мәдениетімен ерекшеленіп, халықаралық байқау қазыларының ықыласына бөленді.
Нұржайна Таубалды – Арқалық қаласының тумасы. Өнерге деген қызығушылығы бала кезінен қалыптасқан жас әнші бүгінде өзінің таланты мен еңбекқорлығының арқасында түрлі деңгейдегі байқауларда үздік нәтиже көрсетіп келеді. Осыған дейін ол республикалық және халықаралық шығармашылық конкурстарға қатысып, бірнеше мәрте жүлделі орындар мен Бас жүлделерді иеленген. Оның орындауындағы қазақтың халық әндері мен патриоттық шығармалар көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, қазылар алқасының жоғары бағасын алып келеді.
Нұржайнаның шығармашылық жолында отбасының қолдауы ерекше орын алады. Әсіресе, оны өнерге баулып, әрдайым жігерлендіріп, шабыт сыйлап жүретін жан – аяулы әжесі. Немересінің әрбір жетістігіне қуанып, әр байқауға сеніммен шығуына рухани демеу көрсетіп келеді. Отбасының қамқорлығы мен қолдауы жас өнерпаздың өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, шығармашылық ізденісіне тың серпін беруде.
Нұржайнаның вокалдық шеберлігін шыңдауда жетекшілері Әлиасқарова Самина мен Баяхметова Гүлнұрдың еңбегі зор. Ұстаздарының кәсіби біліктілігі, жүйелі дайындығы және шәкірттің табандылығының нәтижесінде ол халықаралық деңгейдегі байқауларда лайықты өнер көрсетіп, биік белестерді бағындырып келеді.
Бұл жеңіс – Нұржайна Таубалдының шығармашылық жолындағы кезекті маңызды белес. Жас өнерпаздың халықаралық деңгейдегі табысы Қостанай облысы мен Арқалық қаласының мәдени өміріндегі қуанышты жаңалықтардың бірі болды.
Нұржайнаны, оның ұстаздарын және әрдайым қолдау көрсетіп жүрген жақындарын айтулы жеңісімен құттықтаймыз! Жас әншіге алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, қазақ ән өнерін халықаралық сахналарда лайықты танытып, жаңа шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектеспіз.

Комментарии