Домбыра үні – отбасы тәрбиесінің алтын арқауы
Дата: 16.06.2026 Рубрика: Туған жер
0
5
0

Рудный қаласында Ұлттық домбыра күніне арналған «Күй шеруі» мерекелік концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қала тұрғындарына ерекше әсер сыйлады. Ұлттық өнерді ұлықтаған ауқымды шараға 400 домбырашы қатысып, қазақтың дәстүрлі күй өнерін насихаттады. Алайда бұл мерекенің маңызы тек өнерді дәріптеумен шектелмейді. Ол – отбасы тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңірудің жарқын үлгісі.
Қазақ халқы үшін домбыра – жай ғана музыкалық аспап емес, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан рухани мұра. Кезінде ата-әжелеріміз бен әке-шешелеріміз күй тыңдап, жыр тыңдап өскен болса, бүгінде сол дәстүрді жалғастыру – отбасының басты міндеттерінің бірі. Домбыраның күмбірлеген үні бала бойына ұлттық болмысты, туған жерге деген сүйіспеншілікті және үлкенге құрмет сезімін қалыптастырады.
Концерт барысында орындалған «Адай», «Тойбастар», «Ақжелең», «Тепең көк», «Сал күрең», «Кекілік», «Желдірме» сияқты күйлер көрермендерді ұлттық өнердің тереңіне жетеледі. Әсіресе сахнаға шыққан жүздеген жас домбырашының өнері – ата-аналардың балаларына ұлттық тәрбие берудегі еңбегінің нақты нәтижесі.
Мерекелік кеште домбырашылармен қатар, қаладағы өнер ұжымдарының жас таланттары да өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Олардың сахнадағы сенімді қадамы мен ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігі отбасындағы тәрбие мен қолдаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті.
Шараға белсенді қатысқан өнер ұжымдарының бірі – «Алтын домбыра» студиясы. Студияның негізін қалаушы Назгүл Дүйсенованың айтуынша, бүгінде мұнда 300-ден астам бала тәлім алады. Ұлттық домбыра күніне арналған концертке студиядан 200-ден астам оқушы қатысып, күй орындады.
Бұл көрсеткіш ата-аналардың балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, ұлттық мәдениетке баулуға ерекше мән беріп отырғанын аңғартады. Өйткені бала бойындағы өнерге деген қызығушылық ең алдымен отбасында қалыптасады. Ата-ананың қолдауы мен бағыт-бағдары жас жеткіншектің тұлға болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді.
Бүгінде жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды сақтау мәселесі ерекше өзекті. Осы тұрғыдан алғанда домбыра үйрену, күй тыңдау, ұлттық өнерді дәріптеу – отбасы тәрбиесінің маңызды бөлігі. Мұндай игі бастамалар балалардың ұлттық сана-сезімін қалыптастырып қана қоймай, отбасы мүшелерінің рухани жақындасуына да ықпал етеді.
Ұлттық домбыра күні аясында өткен «Күй шеруі» концерті ұлттық өнердің өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ең бастысы, бұл шара қазақ отбасының рухани құндылықтары мен тәрбиелік дәстүрлерінің жалғасып келе жатқанын көрсетті. Домбыраның күмбірлеген үні әр шаңырақта жаңғырып тұрғанда, ұлттық рух пен отбасылық құндылықтардың да тамыры тереңдей беретіні анық.
Рудный қаласы

Комментарии