Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Өлмейтін рух, өшпейтін есім

Дата: 23.06.2026 Рубрика: Туған жер
10
0
Өлмейтін рух, өшпейтін есім
ЗейнепАхметова – белгілі жазушы, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуші және қоғам қайраткері. Сонымен қатар ол – қазақтың біртуар батыры Бауыржан Момышұлының келіні. Бұл – тек бір адамға ғана бұйырған, зор жауапкершілігі бар мәртебелі атақ.
Пушкин атындағы кітапханада Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті. Кеш барысында жазушы аңыз адам Бауыржан Момышұлы мен оның ұлы (өзінің жары) Бақытжан Момышұлы туралы сыр шертіп, естеліктерімен бөлісті. Оның әрбір сөзі тыңдарманға ой салатын, өмірге деген көзқарасты өзгертетін терең кеңестерге толы болды. Бірақ маған Зейнеп апайдың мына бір естелігі ерекше әсер етті:
«Атам марқұм тірі кезінде: «қандай жолмен жүріп, қайда барсаң да, мен алдыңнан шығамын. Өйткені мен өлген соң да тірілердің ішінде жүремін», – деп айтатын. Жастықпен бұл сөздің мағынасын алғашында түсінбедім. «Қалайша адам өлгеннен кейін тірілердің арасында жүре алады?» деп ойлайтынмын. Кейін ғана байқадым: бүгінде атамыздың есімі еліміздің әр түкпірінде сайрап тұр. Қайда барсаң да Бауыржан Момышұлы атындағы мектептер, көшелер, ол туралы жазылған кітаптар мен ескерткіштер алдыңнан шығады. Күн сайын Қазақстанда атаның аты қаншама рет мақтанышпен аталады десеңізші! Міне, «тірілердің ішінде жүремін» дегені осы екен…», – деп толғанды апамыз.
Шынында да, Бауыржан Момышұлы рухы мәңгі тірі тұлға. Оның «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деген секілді қанатты сөздері бүгінде әрбір қазақтың жүрегінде ұран болып жаңғырып тұр. Ұлы тұлғаның артында өшпес мұра мен осындай өнегелі сөзді ұрпаққа жеткізетін Зейнеп апайымыз барда, батыр бабамыздың есімі әлі талай ғасыр бойы тірілердің ішінде жасай бермек. Өйткені халық жүрегінен орын алған есім ешқашан ұмытылмайды.
Камила Төкенова, оқушы.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!