Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Наурыз – достық пен ынтымақ мерекесі

Дата: 24.03.2026 Рубрика: Туған жер
6
0
Наурыз – достық пен ынтымақ мерекесі
Наурызнаманың онкүндігінің үшінші күні – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні ретінде аталып өтеді.
Осыған орай Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық музейі қызметкерлері танымдық мәні зор іс-шара ұйымдастырды.
Атап айтқанда, Қостанай қаласының № 8 және № 11 жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларына, Өрлеу Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы – «Қостанай облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» мекемесінің қызметкерлеріне, сондай-ақ қала тұрғындарына арналған «Наурыз – достық пен ынтымақ мерекесі» атты танымдық дәріс өткізілді.
Дәріс барысында қатысушыларға қазақ халқының бай салт-дәстүрлері, олардың тәрбиелік мәні, ұрпақтан-­ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани мұралары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, Наурыз мейрамының шығу тарихы, оның табиғатпен үндестігі, жаңару мен жаңғырудың символы ретіндегі маңызы жан-жақты баяндалды.
Іс-шарада ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрлерді сақтау мен жаңғырту, сондай-ақ ұрпақ сабақтастығын нығайту мәселелері кеңінен қозғалды. Қатысушылар қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен рәсімдері туралы тың деректермен танысып, өз ойларымен бөлісті.
Музей қызметкерлері Наурыздың тек мереке ғана емес, адамдарды бірлікке, татулыққа, өзара құрмет пен түсіністікке шақыратын ерекше құндылық екенін атап өтті. Осындай танымдық дәрістер жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырып, тарихи мұраға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Шара соңында қатысушылар өз ризашылықтарын білдіріп, ұлттық мәдениетті насихаттауға бағытталған мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!