Ана – ғаламның гүлі
Дата: 17.03.2026 Рубрика: Туған жер
0
6
0

Рудный қаласындағы «Рудныйдың ОКЖ» ММ Мемлекеттік тілдегі кітапханасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше мазмұнды, тағылымы мол іс-шара өтті.
Кітапхана төрінде әсемдік пен нәзіктіктің, аналық мейірім мен даналықтың символына айналған «Әйел – ғаламның гүлі» атты мерекелік кеш ұйымдастырылып, ауыл әжелері арасында «Әжелер сайысы» өткізілді.
Салт-дәстүр мен кітап руханиятын тоғыстырған бұл шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру және әжелердің өмірлік тәжірибесін жас ұрпаққа үлгі ету болды.
Кештің шымылдығын Шәмшия апай әуезді әнімен ашып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сайыс бес кезеңнен тұрып, әжелеріміздің өнері мен өмірлік даналығын, тапқырлығы мен шеберлігін айқындай түсті.
«Сөз – асыл қазына» кезеңінде қатысушылар өздерін таныстырып, «Кітап – жан азығы» екенін айта отырып, өмірлерінде ерекше орын алған сүйікті шығармалары жайлы әңгімеледі. «Ертегі айтып берші, әже…» кезеңінде әжелеріміз балдырғандарға қызықты ертегілер айтып, оның тәрбиелік мәнін түсіндірді. «Мақал – сөздің мәйегі» атты интеллектуалдық кезеңде мақал-мәтелдердің басы оқылып, әжелер оның жалғасын мүдірмей тауып, өздерінің зеректігі мен тапқырлығын көрсетті. «Шебер әженің қолынан…» кезеңінде қолөнер көрмесі ұсынылып, әжелеріміздің сегіз қырлы, бір сырлы екені тағы бір мәрте дәлелденді. Бірі тоқыма бұйымдарын, бірі әсем аяқ киімдерді, енді бірі құрақ көрпесін таныстырса, тағы бір әже ұршық иіру өнерін көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді. «Кітапханалық бата» кезеңінде әжелеріміз өскелең ұрпаққа ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін арнады.
Сайысқа қатысушылардың өнерін жергілікті қаламгер Молдашев Сүндет пен ардагер ұстаз Жангелдин Мұқашұлы бастаған әділқазылар алқасы бағалады. Шара барысында көрермендерге жұмбақтар қойылып, балалар тақпақ айтып, ән шырқап, кештің сәнін арттыра түсті.
Кеш соңында кітапхана меңгерушісі Гүлбараш Құттықожақызы барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, алғысын білдірді. Сайыс қорытындысы бойынша, Көдебаева Күләш – «Дана әже», Досқұлова Күнжамила – «Мейірімді әже», Қозғараева Күлшария – «Шешен әже», Умербекова Күнжан – «Шебер әже» номинацияларымен марапатталып, кітапхана атынан естелік сыйлықтар табысталды.
Рухани тағылым мен ұлттық құндылықтар дәріптелген әсерлі кеш Шәмшия апайдың әсем әнімен түйінделіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Айнагүл Шаймерденова, Рудныйдың мемлекеттік тілдегі кітапхасының кітапханашысы

Комментарии