«Кім күшті?»
Дата: 30.12.2025 Рубрика: Туған жер
0
21
0

Әулиекөл аудандық орталық балалар кітапханасының кітапханашысы мен «Теремок» қуыршақ театрының мүшелері Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл мектебінің 1 және 3-сынып оқушыларына арналған ерекше тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі бөлімі – «Кім күшті?» атты қуыршақ театрының қойылымы болды.
Балалар бұл ертегіде ағайынды Ерназ бен Алдиярмен бірге «Кім күшті?» деген сұрақтың жауабын іздеді. Қойылым барысында кейіпкерлер Мұз, Күн, Бұлт, Жел, Тау және Емен ағашымен кездесіп, әрқайсысы өз күшінің басымдығын дәлелдеуге тырысады. Әрбір табиғат құбылысы өзінше күшті екенін көрсеткенімен, ең соңында дана Емен ағашы: «Барлығынан да күшті – адам. Себебі адам – жасаушы. Ақылды, мейірімді, бір-біріне көмектесе алатын адам ғана нағыз күш иесі», – деген тұжырымға әкеледі.
Бұл қойылым балаларға тек қызықты сәттер сыйлап қана қоймай, нағыз күш – мейірімділік пен ақыл, татулық пен жақсылықта екенін ұғындырды. Қуыршақ театры арқылы берілген қарапайым, бірақ терең мағыналы ой – жас ұрпақтың санасына тәрбиелік бағытта әсер етті.
Іңкәр Искакова, Әулиекөл орталық балалар кітапханасының кітапханашысы. Әулиекөл ауданы

Комментарии