Жас көшбасшылар алаңы
Дата: 17.03.2026 Рубрика: Туған жер
0
6
0

Рудный қаласындағы №2 гимназия базасында оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық форумының облыстық кезеңі өтті. Ауқымды шараға Қостанай облысының түкпір-түкпірінен келген белсенді, шығармашыл әрі бастамашыл оқушылар жиналып, өз жобаларын ұсынып, тәжірибе алмасты.
Форумның басты мақсаты – мектептегі өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, оқушылардың шығармашылық және көшбасшылық әлеуетін арттыру, сондай-ақ мектеп парламенттері лидерлерінің оң имиджін қалыптастыру. Іс-шараға жалпы білім беретін мектептердің 8–11 сынып оқушыларынан құралған мектеп парламенттерінің мүшелері мен олардың көшбасшылары қатысты.
Форумға Амангелді, Әулиекөл, Жангелдин, Б. Майлин, Денисов, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Федоров, Сарыкөл, Науырзым аудандарынан, сондай-ақ Қостанай, Лисаковск және Рудный қалаларынан келген шамамен 70-ке жуық оқушы қатысты.
Форум бағдарламасы мазмұнды әрі тартымды болды. Қатысушылар парламент бағыттары бойынша конкурс турларына қатысып, дебатшылар, экология министрі және төтенше жағдайлар министрі бағыттарында өз білімдері мен идеяларын ортаға салды. Сонымен қатар оқушыларға арналған арнайы тренинг алаңдары ұйымдастырылып, түрлі тәжірибелік тапсырмалар берілді.
Форумдағы тапсырмалар негізінен екі шығармашылық бағытта өтті. Бірінші бағыт – экология тақырыбына арналды. Бұл кезеңде оқушылар «экология министрі» рөлінде өз жобаларын қорғап, қоршаған ортаны сақтау, табиғатты қорғау, пластик қалдықтарын азайту және экологиялық мәдениетті дамыту жолдарын ұсынды. Қатысушылар өз жобаларын презентация арқылы таныстырып, егер Қазақстанның экология министрі болса, елдегі экологиялық жағдайды қалай жақсартатынын дәлелдеп көрсетті. Мұндай тапсырмалар оқушылардың жауапкершілік сезімін арттырып, табиғатқа деген құрметін күшейтті.
Екінші бағыт – этно-киім және мәдени шығармашылық болды. Бұл кезеңде қатысушылар ұлттық дәстүр мен заманауи сәнді үйлестіре отырып, ерекше әрі креативті киім үлгілерін жасады. Жас дизайнерлер ұлттық нақыштағы киімдер арқылы халықтың мәдени мұрасын дәріптеп, өздерінің шығармашылық қиялын көрсетті.
Сонымен қатар төтенше жағдайлар бағыты да ерекше қызықты өтті. Бұл кезеңде оқушылар қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету, дайындық және қорғану тәсілдері бойынша тапсырмалар орындады. Қатысушылар өз білімдерін іс жүзінде көрсетіп, бір-бірімен тәжірибе алмасып, көшбасшылық қабілеттерін шыңдай түсті.
Форум барысында қатысушылар өз пікірлерімен де бөлісті. Жітіқара ауданы білім бөлімінің Абай атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Эвелина Корчагина экология министрі рөлінде сөз сөйлеп, елдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін үш нақты қадам ұсынды. Оның басты бастамаларының бірі – биокомпост жүйесін дамыту. Бұл жоба мектепте бұрыннан жүзеге асырылып келеді және республикалық деңгейдегі конкурстарға да қатысқан.
Эвелинаның айтуынша, мұндай форумдар оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамытып, шығармашылық ойлауына үлкен мүмкіндік береді. Әр қатысушы өз тәжірибесімен бөлісіп, жаңа идеялар мен мотивация алады. Ал Рудный қаласындағы №13 мектептің 11 «Ә» сынып оқушысы, «Шаг вперёд» мектеп парламентінің мүшесі әрі экология министрі Аяжан Есімова үшін бұл форум ерекше тәжірибе алаңы болды. Оның басты мақсаты – өз мектебін облыстық деңгейде лайықты таныстырып, экологиялық бастамаларын ұсыну. Форум қорытындысы бойынша әр бағытта үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Төтенше жағдайлар министрлігі бағыты бойынша III орын – Мұхтаров Мирас пен Шпик Андрей, II орын – Әбиболла Айша, I орын – Арина Томирис. Экология министрлігі бағыты бойынша, III орын – Есимова Аяжан мен Баймлер Злата, II орын – Корчагина Эвелина, I орын – Шарипова Інжу.
Осындай ауқымды іс-шаралар жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытып, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын белсенді тұлғалардың қалыптасуына жол ашады.
Сара Аймұратова, ЖБШДС тілшісі, Рудный қаласы

Комментарии