Наурызым өңірінің киелі жерлері
Дата: 30.12.2025 Рубрика: Туған жер
0
27
0

Науырзым ауданы Шолақсай ауылдық кітапханасында Наурызым өңірінің киелі орындарына арналған «Наурызым – киелі мекендер мекені» атты танымдық сағат ұйымдастырылды.
Тағылымды шараға ауылдың ересек тұрғындары мен оқушы жасындағы балалар қатысып, ұрпақтар сабақтастығы, туған өлкенің тарихы мен рухани мұрасы жайында мазмұнды әңгіме өрбіді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың Наурызым өлкесіндегі киелі жерлер туралы білімін кеңейту, туған жердің тарихы мен мәдениетіне, ұлттық және рухани құндылықтарына деген құрмет сезімін арттыру, сондай-ақ жас ұрпақтың туған өлкені танып-білуге деген қызығушылығын ояту болды.
Танымдық сағат барысында кітапханашы Наурызым өңірінде орналасқан киелі орындардың шығу тарихы, олардың ел жадындағы орны мен маңызы жөнінде кеңінен әңгімелеп, арнайы дайындалған көрнекі материалдармен, кітап көрмесімен таныстырды. Киелі мекендерге байланысты аңыз-әңгімелер, тарихи деректер мен ел аузында сақталған қызықты мәліметтер қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Шара барысында ересек қатысушылар туған жерге қатысты өз естеліктері мен ауызша тарих үлгілерін ортаға салып, өткен мен бүгінді жалғаған құнды әңгімелерімен бөлісті. Ал балалар белсенділік танытып, қойылған сұрақтар арқылы пікір алмасуға қатысып, өз ойларын еркін жеткізді.
Танымдық сағат қатысушыларға туған өлкенің киелі орындары жайлы тың мәлімет беріп қана қоймай, ел тарихына, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті арттырған тағылымды, тәрбиелік мәні зор шара болды.
Науырзым ауданы

Комментарии