Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Туған жер тазалығы өз қолымызда

Дата: 21.10.2025 Рубрика: Туған жер
56
0
Туған жер тазалығы өз қолымызда
Жітіқара ауданында экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған акция өтті.
Республикалық деңгейде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жітіқара аудандық орталық және балалар кітапханалары табиғатты қорғауға арналған «Таза аймақ – туған жер тазалығы өз қолымызда» атты танымдық-­экологиялық шара ұйымдастырды.
Акцияның басты мақсаты – тұрғындарға республикалық бастаманың мәнін түсіндіру, табиғатқа жанашырлықпен қараудың маңыздылығын насихаттау, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды.
Іс-шара аясында аудандық балалар кітапханасының кітапханашылары қала көшелеріне шығып, тұрғындарға экологиялық бағыттағы ақпараттық парақшалар мен буклеттер таратты. Олардың ішінде табиғатты қорғау туралы пайдалы кеңестер, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жолдары, су мен электр энергиясын үнемдеу тәсілдері және қоршаған ортаны таза ұстауға арналған ұсыныстар қамтылды.
Әрбір парақшаның бетінде «Тазалық – өзімізден басталады!» деген айшықты ұран жазылды.
Кітапханашылар тұрғындармен әңгімелесіп, экологиялық мәдениеттің қоғам өміріндегі рөлін түсіндірді. Туған жердің табиғатын аялау, қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың борышы екені айтылды. Көпшілік акцияға ерекше қызығушылық танытып, экологиялық тазалыққа өз үлесін қосуға ниет білдірді.
«Мұндай шаралар тұрғындардың экологиялық ой-санасын қалыптастырып, табиғатқа ұқыптылықпен қарауға баулиды. Әр адам өз ауласын, өз көшесін таза ұстауға атсалысса – қаламыз да, еліміз де көркейеді», – дейді кітапхана қызметкерлері.
Акция барысында кітапханалар қорынан экология тақырыбына арналған әдебиеттер көрмесі де ұйымдастырылды. Онда табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие және қоршаған орта мәселелерін қозғайтын отандық және шетелдік авторлардың кітаптары көпшілік назарына ұсынылды.
Мұндай бастамалар тек тазалық сақтау шарасы емес, сонымен қатар жастарды табиғатты аялауға тәрбиелеудің маңызды қадамы. Әрбір жас ұрпақ туған жердің сұлулығын сақтауға, оны болашаққа таза қалпында жеткізуге атсалысуы қажет.
Туған жеріміздің тазалығы – өз қолымызда, өз жүрегімізде, өз жауапкершілігімізде!
Табиғатты сүйіп, бірлесе әрекет етсек – ауданымызды шын мәнінде таза, жасыл әрі көрікті аймаққа айналдыра аламыз!
Ботакөз Тутина,
Жітіқара аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!