Жыр мен шежіренің сақшысы
Дата: 21.10.2025 Рубрика: Туған жер
0
46
0

Қазақ халқының рухани байлығын сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізіп жүрген өнерлі ағаларымыз аз емес. Солардың бірі – Қыдыр Өтебайұлы, ел ішінде Қыдыр жырау атанған абыз өнерпаз. Ол бүгінде Рудный қаласында тұрып, ұлттық өнер мен дәстүрді дәріптеп жүрген ардақты тұлға.
Қыдыр жырау 1953 жылы Нұрата уезінің Кенимех ауданына қарасты Теріқұдық ауылында дүниеге келген. Бала кезінен жыр мен әнге әуес болып өседі. Кейін Қызылорда қаласындағы ауыл шаруашылық техникумында оқып жүрген жылдары оның бойындағы өнерге деген шынайы қызығушылығы одан әрі күшейе түседі.
Қызылорда өңірі ежелден жыраулық дәстүрдің ордасы саналады. Сол жерде жүргенде Қыдыр аға Балқы Базар, Нартай Бекежанов, Тұрмағамбет Ізтілеуов секілді атақты жыраулардың мұрасымен танысып, олардың жырларын үйренеді. Осылайша жыр өнерінің қыр-сырын меңгеріп, болашақ шығармашылық жолына берік негіз қалайды.
Оқуын аяқтаған соң Қыдыр жырау туған өлкесіне оралып, Қызылқұм мен Тамды өңірлерінің жыр-термелерін ел ішінде насихаттай бастайды.
Ол сырнай мен домбыраның сүйемелімен халық жырларын орындап, елдің сүйіспеншілігіне бөленеді.
«Өнер – халықтың жаны, жыр – ұлттың рухы» деп білетін жырау ел тарихын, өткеннің өнегесін жинап, оны қағаз бетіне түсіріп жүреді.
«Ән айтсам – көңілдің сырын жеткіземін, жазсам – өткеннің ізі жоғалмасын деймін. Әрбір сөзім, әрбір әуенім – елге деген махаббатымның айғағы», – дейді ол.
Қыдыр Өтебайұлы бүгінде көптеген мәдени шараларға қатысып, жастарға батасын беріп, өнер байқауларында әділ қазы ретінде бағалы пікірін айтып келеді.
Қыдыр жырау тек жыршы емес, сонымен қатар қаламгер. Оның екі кітабы жарық көрген. «Өмірім өнеріммен өрнектелген» – жыраудың өмір жолы мен өнерге адалдығы жайлы сыр шертеді. «Би болып өткен бабалар» – ел арасындағы шынайы оқиғалар мен тағылымды естеліктерге негізделген еңбек.
Бұл кітаптар арқылы Қыдыр аға ұлттық дәстүрді, ел тарихын, халықтың мінезін және туған жерге деген сүйіспеншілікті суреттейді.
«Өнер – халқымның жаны, шежіре – тарихтың қазынасы. Менің мақсатым – осы екеуін ұрпаққа жеткізу», – дейді ақсақал.
Қыдыр жырау өмір жолында талай тарихи тұлғалармен жүздескен. Соның ішінде ерекше есте қалған сәттің бірі – аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлымен кездесуі.
Қыдыр Өтебайұлы – шынайы өнер мен руханияттың жанашыры. Ол өз еңбегі арқылы қазақ жыршылық дәстүрін жаңғыртып, ұлттық өнердің мәңгілік екенін дәлелдеп келеді. Қыдыр жырау секілді өнер иелері – халқымыздың рухани байлығының күзетшісі.
Біз олардың еңбегін құрметтеп, жыр мен дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге тырысуымыз керек.
Рудный қаласы

Комментарии