Ұстаздық жолындағы еңбегі – ұрпаққа өнеге
Дата: 09.09.2025 Рубрика: Туған жер
0
71
0

Қостанай қаласының құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз Беген Қаженұлы Көпеш өзінің саналы ғұмырын білім саласына арнап, талай шәкірт тәрбиелеген ардагер ұстаз.
Ол кісі жуырда «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы» атты мәртебелі атаққа ие болды. Оны облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов арнайы құттықтап, мемлекеттік наградасын табыстады. Бұл марапат ұстаздың көп жылғы ерен еңбегінің жемісі.

Беген Қаженұлы – Жамбыл Жабаев атындағы қазақ орта мектебінің түлегі, кейін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтап, туған мектебіне ұстаз болып оралған. Еңбек жолын қарапайым физика пәнінің мұғалімінен бастап, мектеп директоры дәрежесіне дейін көтерілді.
Ол тек өз сабағын беріп қана қоймай, мемлекеттік тілде білім беруді дамытуға, қазақ мектептерінің қатарын көбейтуге бар күш-жігерін жұмсады. 1990 жылға дейін «Өрлеу» мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтында қызмет атқарып, көптеген жас мамандарға бағыт-бағдар берді.
Ардагер ұстаздың бастамасымен Қостанайда және Астанада Ұлы дала ағартушысы Ыбырай Алтынсаринге жаңа ескерткіштер бой көтерді. Беген Қаженұлы – КСРО Халық ағарту ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері. Ол өз мамандығына адалдығымен, қарапайымдылығымен, білім мен тәрбиені қатар ұштастыра білген парасатты тұлға.
Ұстаздық жолын өнеге еткен ардагердің өмірі – әрбір жас ұрпаққа үлкен сабақ.
Комментарии