Туған жердің табиғаты
Дата: 09.09.2025 Рубрика: Туған жер
0
61
0

Жаз айларында Наурызым мемлекеттік қорығының мамандары «Наурзум» қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен бірлесе отырып, жыртқыш құстардың жыл сайынғы санақ жұмыстарын жүргізді.
Зерттеудің негізгі бөлігі 9 түрді қамтыды. Олардың ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген ерекше құстар да бар: могильник қыраны, дала қыраны және аққұйрық субүркіт. Сонымен қатар, мамандар басқа да жануарлар бойынша деректер жинады. Атап айтқанда, сұр тырна, дуадақ тырна (журавль красавка), дуадақ, жапалақтың түрі – филин, сондай-ақ ақбөкендерге бақылау жүргізілді.
Мамандардың айтуынша, биыл зерттелген жануарлардың көпшілігінде саны мен көбею көрсеткіші жоғары деңгейде тіркелген. Бұл – Наурызым қорығының табиғаты мен экожүйесінің сақталып келе жатқанының айғағы.
Наурызым қорығы – Қазақстандағы ең көне қорықтардың бірі. Мұнда орман-тоғайлар, көлдер мен дала алқаптары тоғысып, сан алуан жануарлар мен құстарға қолайлы мекен қалыптастырған. Осындай жүйелі бақылаулар табиғат байлығын қорғауға, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға үлкен үлес қосады.
Комментарии




