Жануарларға қамқорлық
Дата: 14.01.2025 Рубрика: Туған жер
0
267
0

Жануарларға деген мейірімділік – адамгершіліктің ең жарқын көрінісі. Осындай мейірімділікпен жұмыс істейтін мекеменің бірі – «Кошкин дом» атты жануарларды қорғау және паналату орталығы.
Бұл мекеме үйсіз қалған мысықтарға көмектесіп, оларды жаңа отбасылар табумен айналысады.
Бұл мекеме үйсіз қалған мысықтарға көмектесіп, оларды жаңа отбасылар табумен айналысады.
Мекеменің мақсаты – жануарларға қауіпсіздік пен сүйіспеншілік сыйлау, сондай-ақ адамдардың оларға деген жауапкершілігін арттыру. Қаңғыбас мысықтарды көшеден құтқарып, оларды күтіммен қамтамасыз етеді. Мұнда әрбір мысыққа медициналық көмек көрсетіледі, жақсы жағдай жасалып, тұрақты тамақтандыру ұйымдастырылады. Бұл орталықта жанашыр еріктілер күнделікті жұмыс істейді. Олар жануарларды тамақтандырып, күтіп қана қоймай, оларға жаңа иелер іздейді. Сонымен қатар, олар адамдар арасында жануарларға қамқорлық жасауға шақыратын түрлі шаралар ұйымдастырады. Мейірімділік пен жауапкершілікке шақыру, жануарларға қамқор болу – әр адамның міндеті. «Кошкин дом» секілді мекемелер бізге мейірімділік пен қайырымдылықтың қаншалықты маңызды екенін еске салады.
Жақында мысық үйінде өрт болды, бір үйшігі толық жанып кетті. Менің мектебімнің еріктілері мен жетекшіміз Құрметбек Бағжан мұнда тамақ әкелдік және осы жануарларға арналған мейірімділік үйіне барлық жағынан қолдау көрсетуді жалғастырамыз.
Асыл Бергенова,
Абай атындағы метептің
8 «А» сынып оқушысы,
еріктілер тобының мүшесі
Комментарии


