Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Туған жер – алтын бесік

Дата: 20.02.2024 Рубрика: Туған жер
143
0
Туған жер – алтын бесік
Ауылым дeген туған жерге деген сезімдері жанып тұрған бақытты жандар елестейді. Менің мақтан етер жерім – Айсары ауылы. Осы қасиетті жер Қостанай облысы, Қостанай ауданында орналасқан. Ауылымды бәрінен артық санаймын. Себeбі өз сұлулығымен, өзіндік қасиеттерімен, қайталанбас ерекшеліктерімен ерекше.
Мен Қостанай ауданы, Айсары жалпы білім беретін мектебінің 6 сыныбында оқимын. Ауылым жайында айтар болсам, ауылдан 6-7 шақырым жерде «Тұзды көл» деген көл бар. «Тұзды көлдің» кереметтігі сондай, емдік қасиеті де жетерлік. Оған әсіресе жаздың жайма шуақ ып-ыстық күндері барған дұрыс. Суына шомылып, құмына аунап, күнгe қыздырынсаң аяқ сырқырағаныңнан арылып, бойың сергектікті сезінеді деседі. Көлдің емдік қасиетін көп естуші едім. Ауылдың үлкендері бұл жерді «Әулиелі көл» деп те атайды. Шынымен де көптеген емнің жазылғанын да естідім.
Жақында мектебіміздің биология және химия пәнінің мұғалімі Фариза Дайыржанқызының жетекшілігімен аудандық Pro Eco байқауына қатыстық. Онда еліміздің керемет жері «Тұзды көл» туралы макет жасап жүлделі ІІ орынды иелендік. Жасаған жұмысымызда еліміздің тамаша байлығын көрсете білдік. Біздің мақсатымыз табиғи байлығымызды аялау, қорғау болды. «Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы» демекші байлығымызды аялай білейік!
Адам баласы арманшыл келеді дейді. Болашақта маман иесі атанып, елімнің бір бөлшегі болсам елімнің көркеюіне өз үлесімді қосар едім деп арман жетегінде жүремін. Әлемдегі барлық халықтарға тек бақыт, денсаулық, басылған әрбір қадам жетістікке толы болсын дегім келеді!
Сырым Жұмаш,
Айсары жалпы білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы
Қостанай ауданы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!