Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жеңімпаз қыз Ұлпан

Дата: 20.02.2024 Рубрика: Туған жер
120
0
Жеңімпаз қыз Ұлпан
Жерлесіміз Ұлпан Жұмабек «X Factor Kazakhstan» жобасының оныншы маусымында көрермендердің көп дауысын жинап, жеңімпаз атанды.
Ол Қостанайға келгенде аэропорттан барлық жанкүейерлері, туыстары гүл шоқтарымен, күмбірлі күйдің үнімен, сырнайлатып қарсы алып, қошемет көрсетті. Ұлпан Әулиекөл ауданындағы Қазанбасы стансасының тумасы. Жобада Ұлпанның тәлімгері Ділназ Ахмадиева болып, шәкіртін жетеледі.
«Менің әнші болуым әкемнің арманы еді. Мені үлкен сахнада көргісі келіп, байқауға барғанымды қалайтын. Бірақ мен мектеп бітірген соң басқа жолды таңдадым. Биологияны негізгі пән ретінде алып, малдәрігерлік факультетінде оқып шықтым. Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиясы мамандығымен Қостанайдағы ұлттық сараптама орталығына жұмысқа кірдім. Биология-химия мамандығы бойынша да екінші дипломымды алдым. Университетте оқып жүргенімде арасында өлең айтқаным болмаса, өнерден алыстап кеткен едім. Осы байқау өнерге деген екінші тынысымды ашты», – дейді Ұлпан.
Ұлпанның тәлімгері Ділназ Ахмадиева шәкіртінің өнерге деген құштарлығын одан сайын оята білді. Киелі сахнаға кең тынысты әндерді алып шығуға кеңес берді. Ұлпан шешуші концертте «Құсни Қорланды» жеке дауыста, қазақ батыры жайлы әнді Нұргүл Нұғымановамен шырқады. Нәтижесінде дауыс берушілердің 35,34 пайызы Ұлпан Жұмабектің өнерін үздік деп бағалады. Әр шешуші сәтте әнші қыздарын жерлестері де қолдап, дауыстарын аямады. Ұлпан осы сенімді ақтай білді.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!