Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тарих қойнауының бір парағы

Дата: 20.02.2024 Рубрика: Туған жер
49
0
Тарих қойнауының бір парағы
Өлеңді ауылдық кітапханасы 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай, оқырмандарға «Ауған соғысы – тарих қойнауының бір парағы» атты тарих сабағын өткізді.
Ауған соғысы жайында ақпарат беріп, ардагер ерлердің ерлігін ұмыттырмау, Отанды сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімді нығайтуды мақсат тұтты.
Іс-шара барысында ауылдан соғысқа аттанған ардагерлер туралы көрме дайындалып, оқырмандар Ербол Жұмағалиұлы Ыбыраев, Мұхамеджан Елжанұлы Байғазин, Қайрат Құмшұқбайұлы Нысанбаев сияқты елден тыс жерлерде соғысқан қазақстандық жас сарбаздардың өжеттіліктерімен толығырақ танысты.
Сондай-ақ, көрмеде ауған жауынгерлері мен жерлестеріміз жайлы мерзімді басылымдар мен кітаптар, фотоматериалдар, мақалалар ұсынылды.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!