Көктем хабаршысы
Дата: 05.05.2020 Рубрика: Туған жер
0
829
0
Елбасының «Ұлыдаланың жетіқыры» мақаласында Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны екені айтыла - ды. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың үш мыңнан астам т үрі бар болс а, соның басым көпшілігі – біздің дала қызғалдақтары. Ал біздің Әулиекөл жерінде де әдемі гүлдер өседі. Оны маған әкем теріп әкелді. Көктем шыға көздің жауын алып, қырларға сән беретін қызғалдақ көзге де, көңілге де ыстық көрінеді. Дала кілемі с екілді гүлдер ізетпен амандасып тұрған дай әсер қалдырады. Түрлі өнер туындысына арқау болған гүлдің тарихына көз жүгірткен кезде оның бірнеше түрі бар екенін білдік. Гүл – жер бетіндегі ең нәзік жаратылыстың бірі. Асылы, гүлдің де өз тілі бар. Ол үндемегенімен, түсіне білген адамға көп сыр шертсе керек-ті. Есте жоқ ескі замандарда ер жігіт көңілі түскен аруға деген ыстық сезімін гүл арқылы жеткізген деседі. Одан бері қанша дәуір өтсе де, бұл дәстүр әлі сақталып келеді. Қазақ халқы әрдайым дала сұлулығына көз суарып өмір сүрді. Себебі қазақ даласын гүлсіз елестету мүмкін емес еді. Хош иісі кеңсірігіңді жаратын дала гүлдері қазақ қайда көшсе де айналасынқор шап тұрды. Гүлдің адам өмірімен тығыз байланысты екені айтпаса да түсінікті. Табиғат пен адамды бөліп-жаруға болмайды. Екеуі егіз жаратылыс . О н ы қазіргідей карантин кезінде жақсы түсіне бастағандаймыз. Ауа тазарып, жер де гүлге толды. Нәзіктіктің сим - волысаналатын қызғалдақтың әлемде 130 түрі кездессе, Қазақстан дас оның отыздан аса түрі өседі екен. Басқа елдер - де өспейтін түрлері Қызыл кітапқа ен - ген. Бір қ ара ғ ан д а қызғалдақ қарапайым, бәріміз білетін г үл сияқты көрінуі мүмкін. Оның құпиясына үңілу, зерттеу арнайы биолог мамандардың ғана міндеті емес екенін ерекшелеп айтқымыз келеді. Орта ғасырда қазақ даласынан Еуропаға жеткен қызғалдақ гүлі Нидерланды корольдігінің ұлттық экономикасының өсуіне айрықша ықпал еткен. Баршамызды сүйсінткен, көктемнің хабаршысындай болған қызғалдақ гүлінің тарихи отаны Қазақстан екенініне мақтанамын.
Аяжан КӨКЕНӘКИ Москалев ауылы Әулиекөл аудан
Аяжан КӨКЕНӘКИ Москалев ауылы Әулиекөл аудан
Комментарии