Латын қарпіне көшу - келешектің ісі
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр және ғұрып» жобасы аясында №3 Денисов орта мектебінде «Қазақ тілі әліпбиінің латын қарпіне көшуі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Аталған іс-шараның мақсаты - түркітілдес елдердің тәжірибесін, латын қарпіне көшудің тиімді және тиімсіз тұстарын және латын қарпінің жаңа нұсқаларын талқылау болды. Сонымен қатар, оқушылар жаңа латын әліпбиінің қазақ тілін дамытуда маңызды рөл атқаратынын алға тартып, осы пікірдің өзектілігі жөнінде жан-жақты ой-пікірлерін ортаға салды. Қоғам ортасында қызу талқыға түсіп жатқан өзекті мәселені ортаға салған дөңгелек үстелден мектеп оқушыларының ойы, пікірі назарға алынып және қатысушылардың латын әліпбиіне көшуді бірауыздан қолдайтындықтары аңғарылды.
Еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамның бірі екендігін алға тартып, реформа, жаһандану, даму аясында дамыған елдердің қатарына, әлем аренасына қосылу, жол тарту жағынан оң жақты пікірді біз де алға тартып, қолдаймыз.
Ұлы Дала елінің тарихында көз жүгіртсек, бірінші тұғыры-жер, екінші тұғыры-тіл, үшінші тұғыры-мемлекет және оның тарихы болғанын аңғара келе, ағартушы-педагог, есімі тіл, әліпбимен тікелей байланысты қазақ халқының аса көрнекті, қоғам қайраткері- Ахмет Байтұрсынов айтып кеткендей «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрселердің ең қуаттысы-тіл». Ендеше, ұлттық кодты жаңғыртып, қалың түркі қоғамының қазанында етене қайнасудағы тарихи кезеңді жолдан бөгемей, керісінше әлемге жол ашатын, кеңінен таралған , тарихынан сыр шертетін латын қарпін бірауыздан қолдап, жаңа қадамдарды сеніммен нық басуға шақырамыз.
Маржан Қасымбек,
Қазақ тілі және әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Комментарии