Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Латын әліпбиі – болашақ көкжиек

Дата: 08.07.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
581
0
Латын әліпбиі – болашақ көкжиек
Қымбатты оқырман! Мен бүгін сендерге Латын әліпбиіне көшудің қандай артықшылықтары бар, сол туралы айтайын. Латын қарпіне көшу еліміздің алдындағы өзекті іс. Бұл, бір жағынан заман талабы болса, екінші жағынан тарихымызбен қайта қауышу. Меніңше латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары көп. Біріншіден, әлемдік мәдениетке оңтайлы жол ашылады.Себебі, латын қарпінде жазылған төл шығармаларымызды көптеген шетел оқып, таныса алады. Екіншіден, рухани жаңғыру деп санаймын. Латын қарпіне көшу арқылы өткенімізді қайта жаңғыртамыз. Өткенімізді өшпес ету – ұрпақ тәрбиесіне ұлы сабақ болады. Үшіншіден, заман талабы. Бүгінгі таңда барлық бизнес, медицина, туризм, жарнама тілі латын қарпімен жазылады. Бұл жас буын үшін қиындық туғызбайды. Қайта ағылшын тілін тез үйренуіне септігін тигізеді. Төртіншіден, бұл тіл мәселесі. Әрине үлкен кісілерге үйреніп кету қиын екені рас. Бірақ ізденіп, табандылықпен еңбектенсе қол жетеді. Барлық бастаманың өзіне тән кедергілері бар. Сондықтан да латын қарпіне көшу мәселесі кезең-кезең арқылы жүзеге асырылмақ. Мен үшін бұл болашаққа бағдар беретін бастама деп ойлаймын. 

Гүлсара ТОРҒАЕВА, А.М.Горький атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, Қостанай қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!