Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ақылбек ШАЯХМЕТ: «Ана тілім – тірлігімнің қайнары»

Дата: 09.07.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
980
0
Ақылбек ШАЯХМЕТ: «Ана тілім – тірлігімнің қайнары»
Балалар, Ақылбек Шаяхмет аталарыңды көпшілігің білесіңдер. Өйткені  ол әрқашан балалар ортасында жиі болып, жыр оқып, қызықты әңгіме айтады. Ақылбек аталарыңның да сендердей бала кезінде таудай талабы,  асқақ арманы, алдына қойған мақсаты болыпты. Осы орайда біздің қонағымыз жазушы, журналист, профессор Ақылбек Шаяхметті сұхбатқа тарттық. 
 – Ақылбек аға, бала күнгі дарынды оқушы қай мектептің мақтанышы болды екен?
– Мен сөзімді мына қызықтан бастайын. Мен бірінші сыныпты оқыған жоқпын. Себебі, менен үш жас үлкен ағам Асылбек мектепке баратын. Соның әліппесін онымен бірге үйде оқып жүріп, бәрін үйреніп алдым. Сол үшін әкем заңға қайшы болса да мені бірден екінші сыныпқа берген болатын. Нәтижесінде ағам Асылбекпен сыныптас болдым, мектепті екеуміз бірге бітірдік..
– Алғашқы ұстазыңыз есіңізде ме?
– Мені мектепке жетелеп, үйде зейінімді ашқан әкем болғандықтан, алғашқы ұстазым әкем деп толық сеніммен айтамын . Оның үстіне ол кісі өлең жазатын, менің алғашқы шығарған туындыларымды сынап, түзеген де сол кісі.
– Тұңғыш жаттаған өлең жолдары есіңізде ме?
– Ең алғашқы жаттаған өлеңім – Абай Құнанбаевтың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» еді. Есімде, үйге қонақ келгенде әкем шақырып алып, қонақтарға өлең айтып берші дейтін. Содан бері өлеңдерді көбірек жаттайтын болдым.
– Өзіңіздің жазған алғашқы мақалаңыз қандай?
– Алғашқы мақаламды мен 7-ші сыныпта оқып жүргенде жазған едім. Олар мектептегі қабырға газеттерінде жарық көрді. Тұңғыш тырнақ алды туындым «Қазақстан пионері» газетіне шыққан болатын. Мектеп өмірі жайлы жазған шағын мақалаларым аудандық және облыстық газеттерде жиі жарияланып тұрды. Оның үстіне мен ол үшін әжәптәуір қаламақы алатынмын.
– Оқушы Ақылбек қандай пәнді сүйіп оқушы еді?
– Менің жақсы көрген пәндерім әрине, әдебиет, қазақ тілі және тарих болатын. Бірақ, математикадан да жаман болған жоқпын. Физика мен химиядан облыстық олимпиадаларға да қатыстым. Спортпен де айналысып, еркін күреске барып жүрдім. Жалпы, жан-жақты болғанды жақсы көрдім десем артық болмас.
– Бақылау жұмыстарын жазған кезде болған қызық оқиғалар болып па еді?
– Біздің сынып жетекшіміз Ахмет Абатов деген кісі математик болатын. Сол кісінің пәнінен бақылау жұмысын мен өлеңмен жазатынмын. Мысалы:
 Берілген жіп,
Жіпке ілулі жүк,
Ауытқыса жүк,
Созылады жіп.
Одан соңда үш,
Туады күш.
Екеуі оның жәй күш те,
Ал біреуі қорытқы.
Осылай мен қорыттым,
Жазып шығып осыны,
Екі аламын деп қорықтым, 
– деп физикадан жазған едім. Ол кісі маған таң қалатыным – жер-жаһанда қазақ тіліндей шұрайлы, әуезді, бай қазыналы тіл бар ма екен?! Туған тілімде сөйлеген шешендік өнер қандай, тамылжытып айтқан ән қандай, аламан айтысқа түскен сөз қандай! Бірақ осы тіліміз небір заманнан тар жол, тайғақ кешіп келеді. Мен кезінде:
Екі аяғың, екі қолың – осы тіл.
Келген жерің, жүрген жолың – осы тіл.
Өмір бойы жиған қорың – осы тіл,
Ішкен асың, киген тоның – осы тіл.
Осы тіл ғой маңдайдағы көзің нұр,
Өз тіліңді сыйламасаң өзің біл!
Нағыз соқыр, нағыз мылқау, саңырау,
Ешуақытта өзін-өзі танымау!
 – деп жазған екенмін. Менің балаларым да, немерелерім де ана тіліне уызынан жарыған. Балалар, сендерге де айтар кеңесім – қазақ тілінде білім алып, тәрбие көріп ержетсеңдер, ертең үлкен азамат боларыңа мен кепіл. Ана тіліміз – Абайдың, Ыбырайдың, Жамбылдың, Мұқағалидың тілі. Соны тереңнен игеріп, құрметтей білсеңдер, өзге  сонда «Ақылбек сен бәрібір әдебиетші болатын шығарсың, мен саған 5 қойдым. Бірақ, сен физика мен математиканы менсінбей қойма, олар саған өмірде керек болады» – деп өз ақылын айтатын. Міне, осындай қызықтар да болған.
 – Бала кезде ең көп не істейтін едіңіз?
– Қазақша кітап оқитынмын. Ең алғашқы оқыған кітаптарым Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолағы», Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқаны». Қазақтан шыққан балуан, мықты тұлғалар маған қызық еді. Ауылда керемет кітапхана болды.
– Сізді көп ойлантатын, толғантатын не?
– Туған тілім – қазақ тілінің тағдыры. Ес білгелі жүйке-жұлыныммен ана тілім үшін күресіп келемін. Мен орыс тілді ортада ержеттім, есейдім. Бір тілдерге де жол ашылады. Алдымен, мемлекеттік тілді меңгерген кісі биік белестерге жете алады. Мен орыс тілін де жақсы білемін. Пушкин мен Толстойды түпнұсқасынан оқыдым. Сол секілді Абай мен Мұқағалиды түпнұсқасынан оқыған адам олардың ақындық құдіретін жүрегімен сезері анық. Қазір смартфондарыңа ана тіліндегі көркем шығармаларды жүктеп алсаңдар, қолдарың қалт еткенде оқып, рақаттанатын боласыңдар.
– Уақыт бөліп, сұхаббаттасқаныңызға рахмет, аға.​

Сұхбаттасқан Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫЗЫ​

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!