Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

ТІЛ – ТАМЫР

Дата: 17.11.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
627
0
ТІЛ – ТАМЫР

Әр ұлттың жан болмысымен келетін «үш» әріпті құнды жаққұты бар. Ол – тіл. Иа, тіл бізге ана сүтімен даритын баға жетпес байлық. Тіл – өмір тіршілігінің қайнар бұлағы. Біздің таным шеңберіміздің мәйегі. Ой-сезіміміздің сыртқы бейнесі. Тіл біздің ұлтымыздың - жүрегі. Ұлтсыз – тіл, тілсіз – ұлт болмайтыны және анық. Иа, салт-дәстүрсіз, шежіресіз, дінсіз ұлт болуы мүмкін. Бірақ тілсіз ұлт болмайды. Біздің ұлтымыз – қазақ.

Халқымыздың бай тілі бар. Ол – қазақ тілі. Міне осы тіліміз аузымызда , сайрап, жүрегімізде соғып тұрмаса, міне бұл үлкен қасірет. Қазақ тілі - талай зұламатты кешкен тіл. Әйтседе, К. Карпай есімді ақштың профессоры айтпақшы: «таза түркі – қазақтар. Қазақ тілі – ең таза түркі тілі»,- дегені тіліміз қанша езгіге түсседе, осы уақытқа дейін таза сақталғаның аңғарамыз.

Қазіргі қазақ тілінің сиқы қандай, тұрпының тұрқы қандай? Біз сыртқа көрсетпейтін ішкі әлеуетімізді тексеріп көрейікші?! Бір күні жаттығу жасау үшін дене шынықтыру алаңына бардым...Сол алаңның қасында бір топ, жас жеткеншектер жүр екен. Түрлеріне қарасам қазақтың қара домалақ балалары... Бірақ барлығы дерлік орыс тілінде сөйлеп тұр екен.Келдім, серпеге тартылып жатырмын."Біреуі болсада қазақша сөйлейт шығар" ,-деп ойладым. Дегенмен ешқайсының сөйлейтін түрі жоқ. Сол кез серпеден бір айналым жасап болған кез еді. Сосын ытқып түсіп қастарына бардым.

- Жігіттер, сендер қай елде жүрсіңдер,- дедім. Олар лезде: Қазақстанда.

- Енді неге қазақша сөйлмейсіңдер? - Сендер Россияда емессіңдер ғой,- деп едім, ешкімде үн жоқ. Сөзімді аяқтап болып екінші айналымды бастассам, жаңағы балалар қазақша сөйлеп асыр салып жүр екен. Іштей қуанып тарқастым...

Халел Досмұхаметов айтпақшы: «Жазба әдебиет жоқтық бізді сақтады» деген сөзі осы жазба әдебиетіндегі кірме сөздердің тілімізге ала-құлалық алып келгенің аңғартады. Жалпы тілімізді сыртқы маштабқа шығармай тұрып, өз ішімізді қалыпқа келтіру керекпіз. Тілді ретке келтіру, тілімізді бояусыз қанық қаймағын іркіп алу, ең негізгі тілдік мақсатымыз болу лазым.

Қазіргі кезеңде тілімізді әлем маштабына шығару, өнерпаздармен, спортшылардың қолынан келуде. Мәселен жез таңдай әлемге танымал әншіміз Димаш Құдайбердінің шетелдегі жанкүйерлерінің қазақша өлең айтуы, Жапония әуежайында Димашты қазақ тілінде қарсы алу осының айғағы. Кеше ғана тұңғыш UFS төрінде жеңіске жеткен Шавхат Рохмоновтың қазақша сөйлеуі, көк туымызды көкке көкке көтеруі ұлтымыздың мерейін үстем қылды. Бұлда бір қазақ тілінің өркендеуінің төте жолы деуге болады.

Ташкенттің бір жоғары оқу орнында студенттермен кездесуінде Бауыржан Момышұлына бір қыз сауал қойыпты: Ата, қазақ тілі өміршең бе? – деп, сонда батыр сәл ойланып барып: Мына сарттар дарақ деп аталатын ағашты отырғызады. Сол дарақ өскен сайын бұтай береді, керегін алып қалғаның сатады, ол дарақты мына сарттар бұтаған сайын ол ерегесе бұтақтанып өсе түседі, бірақ қызым олар қанша бұтаса да оның тамырына жете алмайды. Сол сияқты қазақ тілінің тамыры өте тереңде оны ешкім де, ешқашанда шаба алмайды, сондықтан қызым қазақ тілі өлмейді – деген екен...

Ерназар Есенгелді,

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ студенті.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!