Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ана тілім

Дата: 17.11.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
586
0
Ана тілім

Биыл мен «Зерде» Республикалық ғылыми зерттеу жобалар конкурсына, қалалық кезеніне, оның ішінде «Қазақ тілі мен әдебиет» секциясына қатысып, екінші орынға ие болдым.

Мен қазақ ұлттық ертегілердің тілін зертедім. Ертегінің тілі өте тартымды. Түсінуге жеңілдеу, бірақ кейбір сөздерін түсіну үшін түсіндірмелі сөздікпен жұмыс істедім. Түсіндірме сөздікпен жұмыс жасай отырып, бірнеше сөздердің мағынасын білдім.

Қазылар алқасының мүшелеріне менің жұмысым да және менің өз тілімде еркін сөйлегенім ұнады. Рас айтсам олар қатты таңғалды да. Неге десеңіз? Мен М. Горький атындағы гимназияда орыс тілде оқимын. Бірақ өз тілімді білемін. Ана тілде үйде анаммен, әжеммен сөйлеймін, кітап оқимын.

Кішкентай кезімде мен тек қана «Балапан» телеарнадағы бағдарламаларды қарадым, және анашым маған ана тілде ертегілерді оқыды, тақпақтарды, әндерді жаттатқызды. Ал мектепте қазақ тілі сабағын беретің ұстазым Гүлсара Аманжолқызы Торғаева ана тілін ұмытпау үшін, еркін сөйлеу үшін күнде- күнде тапсырмаларды беріп отырады. Гулсара Аманжолқызы ғылыми зерттеу жұмысымның жетекшісі. Менің ойымша кез келген тілді тез үйрену үшін сол тілде кітап немесе газет оқу керек.

Ал біздің үйде мысық та біздің ана тілімізді түсінеді. Өйткені біз Фунтикпен тек қазақша ғана сөйлейміз. Доп әкел десем, ол добын аузына салып маған әкеледі. Әжем мысыққа «Фунтик мә» - дегенде ол жүгіріп келеді алдына. Жалпы менің ойымша, қай тілде баламен сөйлессе ата- аналар сол тілде балалар да сөйлейді.

Жәмила Сейітқанова

Қостанай қаласы.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!