Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ең асыл құндылық

Дата: 10.11.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
695
0
Ең асыл құндылық

Менің ойымша, ешбір оқушы тіл туралы жазудан, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі, тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасауы керек. Өйткені қазір әлемде жойылып кетуі мүмкін тілдер қатары бар. Бұл тілдер қолданыстан қалып, сөйлеуі мен өмір сүруін тоқтатқандар. Оған басты себеп сол ұлттың не халықтың жойылып кетуі тікелей себеп болады. Қазақ елі ешқашан өз тілін жоғалтпайды! Жоғалтқанда емес

Мен өзімнің тілімді мақтан тұтамын. Себебі, тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл – ең керемет қатынас құралы. Қазақ тілі – әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Осыны біле тұра ана тілімізде сөйлей алмайтын қазақтар қаншама. Әлі оқушы болсамда, мен сондай адамдар үшін қатты ұяламын. Өзге тілдің бәрін білсем де, үйренсем де, өз ана тілімді ешқашан ұмытпас едім, ұмытпаймын да!

Тіпті, қала берді ұлы Абайға дейін жыраулар, батырлар мен хандар, шешендер осы ана тіліміз арқылы дау шешіп, соғыстың бетін қайтарған. Абайдан кейінгі қазақ тілінің ерекше қолданысқа түсуі, оның қазақ поэзиясын халық ішіне идіріп әкелуі. Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан сіз қай ұлттың өкілі болмаңыз, тіл үшін күресуге міндеттісіз. Сол тілде сөйлейтін соңғы адам болсаңыз да, тіліңіз жайында аманат қалдыруға, мұра қалдыруға тырысуыңыз керек. Мен өмір бойы ана тілім – қазақ тілін өмір бойы қадір тұтып, ардақтап өтетін боламын.

Өз тіліңізді сүйе отырып, өзге тілге құрмет білдіріңіз. Менің асыл қазынам, осы ана тілім. Тілім менің мақтанышым, бар тынысым, тұмарым!

 

 

 

Айым САДЫҚ

Арқалық қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!