Ұлттың жаны
Бүгінгі таңда тілдің маңыздылығы өте жоғары деңгейде. Жиырма бірінші ғасырда өмір сүріп, қалаған салада жұмыс жасау үшін үш тілді бірдей білген жөн. Халықаралық ағылшын, ТМД елдері арасында кеңінен таралған орыс тілдері қарқынды дамуда. Осылардың қасында қазақ тілі қандай орын алады? Бұл көп қозғалатын өзекті проблемалардың бірі. Қазақ тілін басты орынға шығару біздің басты міндетіміз болу керек деп ойлаймын.
Тіл – тек қана қарым-қатынас құралы емес, әр халықтың биік тұғыры. Жоғары қояр мәртебесі. Қазақ тілі – әлемдегі ең оңай тіл деп білемін. «Тілі өлген ел – тірі өлген ел» дегендей, тіл-мәдениеттің басым бөлігін құрайтын үлкен қазына. Қазақ тілі қандай өзгерістерден өтпеді. КСРО кезеңіндегі Сталиннің шовинистік идеяларының кесірінен орыс халқының тілі мен мәдениеті қазақ халқының мүлдем жойылып кетуіне үлкен қауіп-қатер тигізді. Сол жылдары, қазақтар өз тілдерін, өз дәстүрлерін ұмытуды бастады. Әрине, тәуелсіздікті алғаннан бастап, бұл мәселе өзгерді. Жеке мемлекет болып, өз менталитетімізді кеңінен дамытудамыз. Бірақ, қазіргі жастар, демографиялық жағдай, яғни көпұлттылық мемлекет тек қазақ тілінің болуына кедергі жасап тұр. Дегенмен, басқа тілдердің болғаны да жақсы. Көп тілді білгеннің еш зияны жоқ. Болашағың үшін пайдасы мол. Тек ана тіліңді ұмытпау қажет.
Қала көшелеріндегі жарнама баннерлерінде қазақша жазулар қатемен немесе мүлдем жазылмайтыны көп байқалады. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болған соң, оның бірінші орында болып, әрқашан жазылуы заңды түрде бекітілгені шарт. Конституциядағы тіл туралы заңнамалар ана тілімізді нақты, дұрыс дәрежеде сақтап тұруға зор әсер етеді. Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан, кез-келген ұлт өкілі болсаңыз, тілдің ықпалының артыуына көмектесуге міндеттісіз. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп айтылғандай, қай ұлт өкілі болсаң, сол ұлттың ана тілін білгенің өзің үшін мақтаныш, мәртебе! Ортақ тілсіз мемлекет дамып, тірлігі өрге асады деуге болмайды. Тіл-үлкен қазына екенін ұмытпағанымыз жөн, жас ұрпақ!
Фарида НҰРЖАНҚЫЗЫ
Назарбаев Зияткерлік мектебі
10 сынып оқушысы,
Қостанай қаласы
Комментарии