Үнемі ізденісте жүреді
Жиырма үш жыл бойы Данагүл Сайлаубайқызы балаларға жан дүниесінің бір бөлігін арнап сабақ береді. Жүздеген оқушыларға ұзақ, терең білім беру үшін қанша махаббат, күш, мейірімділік, білім, қажырлы еңбек қажет болды. Ол-әрдайым ізденісте, еңбекте жүрген ұстаз.
Данагүл Сайлаубайқызы- қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы жетекші маман, талантты педагог, тамаша адам және дана тәлімгер. Әулиекөл ауданының Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып пәні мұғалімі қызметінен бастап, 2001 жылы Қостанай қаласының «Зерде» гуманитарлық университетін «қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі» мамандығы бойынша тәмәмдап, қазіргі таңда осы мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі болып қызмет атқарып келемін.-дейдіол бізбен сұқбатында,- Тіл мәселесі ең өзекті мәселе, себебі қазір қоғамда орыстілді отбасылары көп.Ата-аналардың басым көпшілігі үй жағдайында орысша сөйлейді, сондықтан оқушылардың өз ойын еркін жеткізуде қиналатыны бар. Өз басым оқушыларды ең бірінші өз тілінде сөйлеуге, құрметпен қарауға, мәртебесін өсіруге атсалысуын үнемі назарда ұстаймын.
Ең бастысы –білімді ана тіліңде алу аса маңызды. Нағыз тұлға болып қалыптасу үшін бұл шешуші фактордың бірі. Рас, қазір, жастардың көбісі шет елдерде білім алып, сол жақта өмір сүруді армандайды. Меніңше, жақсы білімді өз елімізде де алуға болады, ал шет елде тәжірибе алмасып, өзіңді, өзіңнің еліңді танытуға мүмкіндік бар. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген нақыл тегіннен тегін айтылмаған ғой. Әркімнің өз туған жері, Отаны, ана тілі өзіне қымбат болуы тиіс.-деді ұлағатты ұстаз.
Әсем Айнабекқызы
Комментарии