Ана тілім – асыл қазынам
Бәрімізге белгілі, бүкіл әлемде тілдер саны өте көп. Әр ұлттың тілі өзіне сай. Менің ойымша тіл – жеке мемлекеттің өзіне тән брэнді. Мысалы, қазақ елін қазақ тілі арқылы тануы керек. Тілдің құдіреті деген сол болмақ. Тіл – ол әр мемлекеттің тірегі, тарихы, халқының рухани байлығы. Тіл қай елде болсын, қай ұлтта болсын қасиетті, қастерлі ұғым саналады. Әр адам үшін өмірдегі ең бағалы құндылықтардың бірі – ана тілі. Менің ана тілім ол – қазақ тілі. Мен өзімнің ана тіліммен мақтанамын, оны жақсы көремін. Әлемге ана тілімді таныту үшін барымды салғым келеді. ол үшін әр нәрсені өзімізден бастауымыз қажет. Халқымыз тек қана қазақша сөйлесе екен.
Қазақ тілінде сөлейтін адамдарының саны жағынан әлемдік тілдер арасында 70-ші орында екенбіз, ал тіл байлығы жағынан үшінші орында. Тіліміз бай бола тұра қалайша 70-ші орында сөйлеп жүрміз?! Меніңше бұл статитстикаға намыстануымыз қажет. Ал үшінші орында тұрғанымыз, бұл біздің қазақ тілінің бай тіл екенін айрықша дәлелдейді. Сондықтан, ана тілімізді құрметтеп, қадірлей білуіміз кажет. Ата-бабамыздан жеткен асыл мұра ретінде ана тілімізді сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу әр қазақтың міндеті деп білемін. Айналамдағы достарым орыс тілінде сөйлесіп, араласса да мен тек қазақ тілінде сөйлеймін. Бұл менің міндетім! Тілімді аса қатты қадірлеймін. себебі, ана тілім – менің асыл қазынам!
Мен өзімнің мақаламды ақын, жазушы Қадір Мырза Әлінің өлең жолдарымен аяқтаймын:
Ана тілің – арың бұл,
Ұятын боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Данияр Чапай
№24 мектеп-гимназиясының
3 сынып оқушысы
Комментарии