Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тіліміз – тірлігіміздің айғағы

Дата: 10.11.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
536
0
Тіліміз – тірлігіміздің айғағы

Обаған орта мектебінің 8-сынып оқушылары қазақ тілі сабағында «Қазіргі кезде ұлттық құндылықтардықтарды қалай бағалап жүрміз?» – деп өздеріне ана тілі жайлы қойылған сауалдарға мынадай жауап қайтарды:

8-сынып оқушысы Тұрсынғали Асем:

- Қазақ тілі – біздің туған тіліміз. Ал, туған тілді құрметтеу біздің басты парызымыз. Ата-бабамыз қастерлеген, құрметтеген, сый тұтқан тіл. Ол тілді бағаламау біз үшін сын. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Оны бәріміз жақсы білеміз. Қазақ тілін құрмет тұту, сыйлау және дамыту біздің міндетіміз болып қалмақ. Тіліміз еліміздің мәдениетін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші. Әр елдің өзінің мақтан тұтатын ұлттық тілі, төл тарихы бар. Бізге қойылған міндеттің бірі – тілімізді қасиет тұту, қастерлеу, әлпештеу, бағалау. Сондықтан, келер ұрпаққа тілімізді мақтан тұтып, оны аялай білуге үйрету біздің борышымыз. Тілімізді төмендетпейік!

8-сынып оқушысы Сапиев Жәнібек:

- Менің ойымша ана тілін барша қазақ халқы ардақ тұтуы қажет. Тілге құрмет – елге құрметпен тең, сондықтан да тілді өркендету баршаның ісі. Тіл тек ауызекі тілдің құралы емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Біздің тілге деген жанашырлығымыз жылдан жылға өсіп келе жатыр, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа үндеген Жолдауында: «Мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға барлық ұлт болып, басты назарда ұстануымыз қажет» деген сөзін басты қағида етпек ойымыз бар. Еліміз егеменді ел болып, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап тіліміз өніп, өсіп, қанатын жайып, қалқып келе жатқаны айдан анық. Ана тіліміздің айбынын әлі де көкке көтерейік!

8-сынып оқушысы Байтұрсынова Саягүл:

- Өз ойымды қысқа да, нұсқа жеткізер болсам, біздің тіліміз – біздің басты құндылығымыз. Қазақ халқы өз тілін құремттеп, сақтауы қажет. Ана тіліміз ежелгі ата-бабаларымыздан қалған көне мұра. Төл тарихымыздың баға жетпес құндылығы. Қазақ елі бай халық. Себебі, олар өз мүлігімен, ауқаттылығымен, салт-дәстүрімен, қонақжайлылығымен, мәдениетімен, ұлттық тәрбиемен мейірімділікке бай халық. Осының бәрін өзге елге тіліміз арқылы танытамыз. «Тіл – қылыштан да өткір» деп бекер айтпаған. Тілмен айтылған сөз ащы да, тәтті де болып адамның көңіліне әрқилы әсер етуі мүмкін. Өмірде тілімізден аса қымбат дүние жоқ. Тілімізбен мақтанып қана қоймай, сол тілде анық сөйлеп, сауатты жазып, ойымызды нақты жеткізе білу біздің абыройымыз. Тіліміз – тірлігіміздің айғағы екенін ұмытпайық!

 

Обаған орта мектебінің

8-сынып оқушылары,

Ұзынкөл ауданы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!