Ана тілінің күшімен
Қаланың өмірімен өсіп, тәрбие алып келе жатқан балалар орыс тіліне жақын болады. Тіпті отбасындағы ата-анасы қазақ тілінде сөйлессе де, өзінің ортасы орыс тілді болса, қала баласы үшін ана тілін ұмытуға бұл әбден жеткілікті. Бірақ, мен сіздерді таныстырғалы отырған оқушы Бекентай Хадия орыс тілін ортасынан емес, ғаламтордан үйренген.
Қазіргі таңда ұялы телефонның дәуірі жүріп тұр. Еңбектеген баладан, еңкейген қарттарға дейін осы бір телефонның ішіне кіріп кеткен. Кімнің не көретінін білмейміз, әрине. Дегенмен, бала сол бір ғаламтордың ішінен жақсы нәрсе алып жатса құба құп. Ұялы телефон арқылы ғаламтордан түрлі орыс тілді мульфильмдерді күнде көретін Хадия барлық сөздерді жаттап алған. Сол себептен оған орыс тілі оңай. Өйткені естігені, естігенінен қайталағаны да орысша сөздер. Бірақ. Кішкентай ғана Хадия қыз «ана тілімді түсінемін» дейді. Себебі, отбасы мүшелері тек қана қазақ тілінде сөйлейді. Атан-анасы қыздарымен қазақша сөйлеседі, бірақ Хадия орыс тілінде жауап қайтарады. Кейде ата-анасы ешқайсымыз үйретпесекте, өз бетімен орыс тілін меңгеріп алды деп мақтанып алады. Әрине, бұл баланың зеректігінің белгісі ғой.
Биыл Бекентай Хадия №24 мектеп гимназияның 1 сынып оқушысы атанды. Әрине, ата-анасы бүлдіршінді қазақ тілді сыныпқа, қазақ мектебіне берді. Енді балақай тек қана ана тілінде білім алатын болады. Қазір ол қазақша тақпақтар жаттап, тек бестік баға алып жүр. Хадия өзінің зеректігінің арқасында кішкентайынан екі тілді меңгеріп алды. Болашақта көп тілді үйреніп алары анық. Осындай білімді де, білгір, алғыр оқушыларымыз көп болса екен деп тілейміз. Ана тілін ардақ тұтайық, біздің кішкентай оқырман!
Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫЗЫ
Комментарии