Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Латын - келешек көкжиек

Дата: 10.11.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
551
0
Латын - келешек көкжиек

Кейiнгi кезде латын қарпiне көшуге байланысты пiкiрталастар қызу жүрiп жатыр. Мемлекеттiк тiлге қатысты қандай да бiр басқосу болмасын, латын әлiпбиiне көшудi тездету жөнiнде ұсыныстар айтылады. Ал «ерте ме, кеш пе?» деген сұраққа жауап iздеген тiл жанашырлары екiұдай пiкiр айтумен келедi. Неге десеңiз, сонау өткен ғасырда алаш арыстарының арасында өрбiген латын қарпiне көшу мәселесi әлi де бiр тоқтамға келе алмауда. Мәселен, сол кезде Мiржақып Дулатов: «Латын әрпiн алуға ерте, алдымен одан басқа керектерiмiздi орындауымыз керек» десе, ғалым Нәзiр Төреқұлов: «Неге ерте, неге кеш емес?» деген екен («Түркiстан»,№5, 2007 жыл).

Мiне, бүгiнгi ғалымдардың да сан алуан пiкiрi осыған саятындай. Бiрi — қарсы, екiншiсi – қуана қоштайды. Кеңес заманында қазақ латын әрпiне көшсе, саяси шиеленiс пайда болады деп қорыққан. Яғни, араб тiлiнде дәрiс беретiн молдалар бұл iсiмiзге қарсы шығады деген ойда болды. Оның үстiне араб тiлi дiнмен тығыз байланысты, осы тiлден айрылсақ, дiнiмiзден де бiржола қол үземiз дейтiндер де аракiдiк табылды. Ал қазiр ше?! Бүгiнде мәселе арқауына айналып отырған латын әлiпбиiне көшу жайында тiл мамандары ойын сан-саққа жүгiртедi. Содан кейiн өзара жiк-жiкке бөлiнiп, «Бiз мына әлiпбидi ұстансақ, баяғыда-ақ тiл мәселесi түбегейлi шешiлер едi» деп, әлiпбидi «тырна», «бақа», «шортан» секiлдi өздi-өзiне қарай тартып әуре. Мiне, бұлар мынадай топ: бiрiншiсi — кириллица таңбасында қалуды жөн көретiндер, екiншiсi — латын қарпiне көшудi ұсынушылар, үшiншiсi — ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынов құрастырған төте жазуды қолдайтындар, төртiншi — көне түркi жазуды дұрыс деп санайтындар болып бөлiнiп жүр. Кез келген тiлге қатысты отырыс пен басқосуда тiл жанашыры деген бiрнеше зиялы өз ұстанымын айтып, соны дәлелдеп бағады.

Латын әлiпбиi – ғылым мен бiлiмнiң терең тұңғиығына үңiлетiн, оның беймәлiм жағын ашуға бағытталған жол. Бiз неғұрлым тез көшсек, өзiмiздiң төлдiк дыбыстарымызды қайта түлетiп, орыс тiлiнiң бұғауынан тез шығуға мүмкiндiк аламыз, – дейдi көпшілік.

Шынында да, жазуға жеңiл әрi оңай латын әрпiне түркiтiлдес халықтар, тiптi, посткеңестiк елдердiң көшуi кездейсоқтық емес қой. Бүгiннiң өзiнде кейбiр мемлекет, айталық, түрiктер, түркiмендер мен әзiрбайжандар латын қарпiн рухани, мәдени саласына орнықты етiп енгiзiп те үлгердi. Тiптi, алысқа бармай-ақ, мемлекеттiк тiл – өзбек тiлiн аса құрметтейтiн көршi ел тiл тұғырында өзiндiк ерлiк жасап, латын қарпiне көшiп алды. Қазiр мұндағы бiлiм ұялары мен мәдени ошақтары таза өзбек тiлiнде бiлiм берiп, санасына бiртiндеп сiңдiрiп жатыр.

Ербол Азаматұлы,

Филология ғылымының кандидаты

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!