Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тірегім менің

Дата: 10.11.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
608
0
Тірегім менің

Бүгінгі таңда барлық адамзаттың алдында тұрған басты мақсаттарының бірі – өз ана тілін білу. Ұятта болса айтайын, қазір қазақ тілін білмейтін қаншама қазақ бар. Сол үшінде айтып отырмын ана тілін білу мақсатымыз деп. Қазіргі уақытта заманауи жастар да, мектеп оқушылары да, тілімізді құрметтеп, өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа үлгі болуымыз қажет деп білемін. Ана тілін біз қадірлемесек, кім ардақ тұтады?

Ұлттық тілді ұлықтаушы ол – жас ұрпақ, мына біздер. Тәуелсіз еліміздің керегесі кең, шаңырағы биік болып дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдеріне қосу үшін бірінші кезек те ана тіліміздің мәртебесін көтеруіміз қажетпіз. Өз тілімізде сөйлеу үшін рухани жан дүниеміз бай, оған қоса адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық қасиеттер бойымызда болуы керек деп білемін. Осындай ізгі қасиеттерді, рухани байлықты, сөз өнерін тіліміз арқылы насихаттаймыз. Себебі, тіл – рухани қазына, мол байлық, өмір айнасы, замана сыры, бір-бірімізбен сөйлесу үшін берілген таптырмас құрал.

Тіл дегеніміз – сыпайы, ізетті, сауатты сөйлеу мен жаза білу және сөзді нақ, әрі дәл айта білу. Оны орнымен әсерлі қолдана білу шын шебердің ғана қолынан келетіндей. Ана тілімізге махаббатпен қарасақ, оны мәңгі сақтап қаламыз. Мен бұған кәміл сенемін. Оқушының ойы жүйрік жазушы, болашақ қоғам қайраткері, озат мамандық иесі болуы үшін, бойына барлық жақсы қасиеттерді сіңіруіне ана тіліміз жан азығы болары сөзсіз. Олай болса, менің жас достарым, тіліміздің қадірін білмеген адам өзін дүниеге әкелген, мәпелеп өсірген анасын да, ел-жұртын да, Отанында сүйе алмайды. Мен тілімді мақтан тұтамын, сен де мақтан ет, замандасым! Тілім менің – тірегім!

 

 

Аружан ЖАҚСЫЛЫҚОВА

Құмкешу орта мектебінің

10 сынып оқушысы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!