Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тілімнің орны – төрде!

Дата: 10.11.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
582
0
Тілімнің орны – төрде!

Адам баласы ес білген күнінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсіне бастайды. Әрине, әр отбасында әрқалай. Кейбір ата-аналар оыс тілді болуы мүмкін. Сол себептен де қазақ отбасынан өз тілін білмейтін балалар өсіп шығады. Бұл көңілімізді құлазытады. Дегенмен, қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани байлықтарды адам ана сүтімен ұғынады, туған тілі арқылы игеріп, таразылайды, болашағын болжайды, келешегіне жоспар жасайды. Төл тарихын ана тілінде оқып, ұғынған бала ғана, елдің, жердің, тілдің қадірін біліп өседі.

Қазақ тілі оқу-ағарту, білім-тәрбие саласында, мәдени өмірде, қоғамдық-саяси өмірде, ғылым саласында, іс-қағаздар ісінде өз міндетін атқарып, қарапайым халқына қызмет етіп келеді. Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Тілдің ең негізгі, яғни бірінші қызметі – адамдардың бір-бірімен сөйлесуі, кез келген тақырыпта пікір алмасу үшін қызмет етуі. Елінің тәуелсіздігін ойлайтын адам, тілінің кемелденуіне де қолғабыс жасауы қажет. Елім деп еңбек ететін ер-азаматтарымыз ғана ана тілдің қадірін айқын біледі, ардақ тұтады!

Ана тілі – халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды, тө тарихымызды танып білеміз. Қазақ халқының шынайы рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Ол – жұртымызды, туған жерімізді, оның өзен-көлдерін, бораны мен найзағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, шәкірттерімізге ана тіліміз арқылы жеткіземіз. Сондықтан, ана тілінде дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білу әр адамның азаматтық парызы болып саналады. Өз тіліңді мақтан тұт, болашақтың иесі!

Еліміз тәуелсіздік алып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы ұлттық құндылықтарымызды және ұлттық мәдениетімізді өскелең ұрпаққа танытуға жағдай туғызды. Ана тілінде дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білу әр адамның азаматтық парызы болып саналады. Қазақ тілінің қоғамдағы рөлінің артуына тек өзіміз ғана ықпал ете аламыз. Сондықтан, қай ортада болмасын, тек ана тілінде сөйлегеніміз дұрыс деп білемін! Тіліңе төрден орын бер!

 

Рауан ӨТЕГЕНОВА,

Құмкешу орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!