Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Бұл өте қызық!»

Дата: 10.11.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
656
0
«Бұл өте қызық!»

Он жастағы Жансая Сапарғалиева Қостанайдағы 24 мектеп-гимназиясының оқушысы.Ол өз өнерін қазақ тілінде дамытып, қазақ тілінің орасан зор мүмкіндігін дәлелдеуге ұмтылған балауса жас. Ол үш жылдан бері қазақ ертегілерінің желісі бойынша анимациялық мультфильмдерді түсіріп, «Зерде» республикалық ғылыми зерттеу жобалар конкурсына, оның ішінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» секциясына қатысып отыр. Осы жұмысымен Жансая жылда қалалық, облыстық кезеңдерінде бірінші орынға ие болып келеді. Республикалық кезеңіне да қатысып, екінші орын алған. Жалпы оның қоржынында үш мультфильм бар екен. Ең алғашқы түсірген мультфильмі - «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?». Былтыр Ыбырай атамыздың «Мақта қызбен мысық» ертегісін түсірді. Биыл осы жобаға жеті жастағы сіңлісі Әдия да қосылды. Әдиямен бірігіп Ы. Алтынсариннің «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінің негізінде мультфильм дайындаған. Осы ғылыми зерттеу жұмысына да жюри үздік баға қойды. Енді зерттеу жұмысын Жансая мен Әдия облыстық кезеңінде қорғайтын болады.

Қыздар барлық мультфильмдерді өздерінің «Yotu Tube» каналына жүктеген. Мультфильмдерді жасау үшін біріншіден қатты түрлі түсті қағаздан кейпкерлердің аппликацияларын жасап, қырқып алады да, содаң соң фотоға түсіреді. Бір мультфильмға мыннан артық фото жасау керек. Кейіпкерлерді Жансая мен Әдия өздері дыбыстандырады. Бәрі дайын болғанда компьютерлік бағдарлама арқылы барлық фотоларды қозғалтып, музыкамен безендіреді. Жұмыс оңай емес. Бірақ өте қызық!- дейді Әдия. Зерттеу жұмысында Жансая қазіргі кезде балалардың көбісі «Yotu Tube» каналын қолданады..

Қазақ тіліндегі ертегілер, мультфильмдер жақсы мен жаманның ара жігін ашып көрсетеді, еңбекке, адамгершілікке, мейірімділікке, жомарттыққа шақырады, деп ойын түйіндейді. Сонымен қатар осындай қазақ мультфильмдерді тамашалайтын, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын балалардың санының өсетініне сенімдіміз, өйткені күннен күнге көрермендер саны мен каналымызға тіркеліп жатқан адамдар саны өсуде, - дейді мультфильмдердің авторлары.

Әсем Айнабекқызы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!