Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

АНА ТІЛІМ - АРДАҒЫМ

Дата: 03.11.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
566
0
АНА ТІЛІМ - АРДАҒЫМ

Қазақстанның халық ақыны, Қостанай қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Мәдениет және Білім саласының үздігі – Әсия Әйіпқызы Беркенова апайымыз – бізде қонақта.

 

- Сәлеметсізбе, Әсия апай! Көңіл-күйіңіз қалай? Алдымен сұрақты былай бастайын, Әсия Әйіпқызы қай мектептің түлегі?

- Сәлеметпе, қарағым! Көңіл-күй жаман емес. Аты жаман вирус көңілді баяғыда күз етті ғой. Дегенмен, сабырмен біткенін күтіп, шыдап келеміз көппен бірге. Енді, сұраққа келер болсақ, мен өзім Әулиекөл ауданындағы Нарынқолдың қызымын. Сол Әулиекөл ауданында білім алдым, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің түлегімін.

- Апай сіз үшін ана тілінің орны қандай?

- Қалқам-ау, ана тілі дегенің атынан білініп тұрғандай ананың ақ сүті, әкенің күшімен келген әр перзенттің ділі емес пе? Сұлтанмахмұт атамыз айтқандай:

Сүйемін туған тілді - анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім Шыр етіп жерге түскен минутімнен, Құлағыма сіңірген таныс үнім.

 

Сол тілмен шешем мені әлдилеген, Еркелеткен, "құлыным", "жаным" деген Сол тілменен бірінші білгізілген, "Ана" деген сүйгендік сөз әм менен- деген жоқ па еді?І

 

Енді, мақтанғым келіп отырған жоқ, бірақ шынымен де мектепте қазақ тілінен, ән мен жырдан үздік, белсенді оқушылардың бірі болдым. Үйірменің кез-келген түріне қатысатынмын. Барлық жерден қалмауға тырыстым ғой. Өйткені, менің талпынысым мен талабым зор болды. Қазақ тілін, оның грамматикасын, емле ережелерін мықтап меңгеріп алу мақсатым болды. Себебі, біздің кезімізде тұрмыс –тіршіліктің бәрі де орыс тілінде еді ғой.Ал ана тілін уызында жарыған мен үшін арда тілімді мәңгілік жадымда сақтап, сонымен өмір сүру керектігін білдім. Сонымен қатар орыс тілін де игеруді мақсат еттім. Осы өмірдегі жеткен жетістіктерім осы екі тілдің де арқасында Әйтесе де қазақ тілі өз алдына бір төбе.

- Қай пәнді сүйіп оқитын едіңіз, жалпы қандай пәннен 5 деген бағаны көп алатын едіңіз?

- Енді мен өнер адамы болғаннан кейін гуманитарлық жаққа жақын болдым. Сол себептен әдебиетке қатты қызығатынмын.Қазақтың фольклорлық туындыларымен халық шығармалармен сусындап өстім. Батырлар жыры, «Қыз жібек» секілді қиссаларды жаттап өстік. Мектепті 50 бала бітірген едік. Сол 50 баланың ішінде мен ғана мемлекеттік емтихандарды үздік тапсырдым. Бұның өзі мен үшін үлкен жетістіктердің бірі болған еді.

- Керемет! Әсия апай, алғашқы ұстазыңыз есіңізде ме?

- Әрине, алғаш әріп танытып, жазу мен сызуды үйретім, сауатымызды ашқан ұлағатты ұстаздарымызды ұмыту мүмкін емес. Сондай ұстаздарымның бірі, менің алғашқы мұғалімім Дүйсенбай Шаяхметов деген ағай болатын. Өте бір қарапайым, берер ақылы мол, білімді, білікті ұстаз еді. Ол кісілердің жасап жатқан еңбектері ерен ғой. Білімдері таусылмасын, сарқылмасын дегім келеді.

- Бала кезіңізде кім болуды армандадыңыз?

- Шынымды айтсам, мен бала күннен айтыс ақыны боламын деп армандаған жоқпын. Негізі біздің бала кезімізде мұғалімнен артық беделді қызмет болмайтын. Сондықтан менде ұстаз болғым келді. Ұлағатты ұстаз боламын, балаларға білім беремін деп армандадым. Кейін, есейе келе, бойымдағы өнерді түсіп, сезіп, әнші болуды қалап едім. Бірақ, ата-анам әншілік өнерге мені жібермеді. Енді өнер жолы ауыр жол ғой. Шамасы қорыққан болулары керек. Шынымды айтсам айтыс өнері мені қалың қазаққа танытты. Қазақтың құдіретті тілінің арқасында өнердегі бағым ашылды.

- Мектеп қабырғасында жүргенде сіздің өнеріңізді бағалап, талантыңызды байқап, сізге мотивация берген мұғалім болда ма?

- Шыны керек, бала кезде бізге айтылған кез келген мақтау сөздің өзі мотвация болатын. Соған мәз болып жүретінбіз. Сол мектеп қабырғасында оқып жүргенімде маған ұстаздық етіп, өнерімді тануға, оны ұштауға, шыңдауға әсер еткен бірден бір мұғалім ол – марқұм Сағындық Досмағанбетов ағамыз. Сол кісі қазақ тілі мен әдебиетін насихаттап, оның інжу-маржандарын маған сіңірумен болды. Мені барынша қайрап, қай жерде болмасын қасымнан табыла білген осы кісі еді.

- Дәл қазір, бала Әсияға не айтар едіңіз?

- Бала Әсияға ештеңе айта алмас едім. Себебі, бала Әсия өзінің табиғи мінезімен, жасандығы жоқ қылығымен өзінің өскен, араласқан ортасына бейімделе өмір сүрді және бәрін дұрыс жасады деп ойлаймын. Бірақ кез-келген қазақ баласы алдымен –ана тілін меңгеріп алсын. Бақыт та, бақ та, байлық та сол. Сондықтан, маған қайта өмір сүру бұйырса, ештеңені де өзгертпей, дәл осылай өмір сүрер едім. Өйткені, менің балалық шағым ең керемет кезең болды!

- Біздің кішкентай оқырмандарымызға айтар ақылыңыз болса?

- Жалпы біздің бала кезіміз үлкендері құрметтеу, ата-ананы сыйлау деген тағылымдардан тұратын. Балаларға да осыны айтқым келеді, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біліңдер. Өздеріңнің ана тілдеріңді сүйіңдер, ұлтқа қызмет етіңдер, Қазақстанда дүниеге келгендерін мақтан тұтыңдар дегім келеді. Білімді де білікті, озат оқушы болыңдар, еліміздің бетке ұстар азаматтары мен азаматшалары болып ер жетулеріңді тілеймін! Ізденуден қашпаңдар!

- Сұхбатыңызға үлкен рахмет!

 

Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫЗЫ

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!