Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Латынға көшіруді ең бірінші ұсынған ғалым

Дата: 03.11.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
623
0
Латынға көшіруді ең  бірінші ұсынған ғалым

Ана тілінің абызы, академик Әбдуәли Қайдар қазақ әліпбиін латын қарпіне ең бірінші ұсынған ғалым. Ол – қазақ тіл білімінің көрнекті маманы, белгілі түркітанушы, Шоқан Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлықтың иегері Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ұлы Отан соғысының ардагері, филология ғылымдарының докторы, профессор. Ғұлама 95 жас ғұмыр кешті.

Ғалымның жалпы түркітану ғылымына, соның ішінде, әсіресе қазақ тіл білімі мен ұйғыртану саласына қосқан нақтылы үлесі мен сіңірген еңбегін оның жариялаған 500-ге жуық ірілі-кішілі (жалпы көлемі 1000 б.т. астам) зерттеулерден, оларда көтерілген сан алуан (50-ден астам) лингвистикалық проблемалардың теориялық өзектілігі мен практикалық қажеттілігінен де, тақырыбынан да айқын көруге болады.

Солардың ішінде жеке кітап түрінде монография, жинақ, сөздік, мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен кітапшалардың жалпы саны 60-тан асады.

Қазақ жерінен табылған орта ғасырларға тиесілі «Орхон-Енисей жазулары», Жамбыл облысының Шу өңірінен табылған Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білігі» біздің жазу мәдениетіміз ертеден басталғанын көрсетеді. Ал «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы біздің халқымызға да ортақ. Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, ол кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Осылайша, қазақ әліпбиін өзгерту тарихи, негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді.

1992 жылы ғалым Әбдуәли Қайдар мырза Елбасыға латын әрпiне көшу туралы ойын айтып, 34 таңбадан тұратын латынша қазақ әлiпбиiнiң жобасын ұсынды. Мiне, сол кездiң өзiнде Елбасы «Осы мәселе жөнiнде қоғамдық пiкiрдi зерттеп, халық қолдаса, бұл мәселенi қарастырайық» деп қоштағанын бiлдiрген. Ғалымның пайымдауынша, қазақ тілінде тұрақты ұлттық жазу қалыптастыру үшін латынның фонетикалық алфабиті қолайлы. Латын қарпі қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дәл таңбалайтын мүмкіндігі зор. Ал кирил жазуы қазақ тілі үшін қажетті 26-28 әріптің орнына 42 таңбадан тұратындығы қазақ балаларының тілді меңгеруіне ауыр тиді. Себебі, онда басы артық таңбалар бар. Соның кесірінен тіліміздің ауызша айту (орфоэпиялық)

нормасы мен жазу емлесі (орфографиясы) арасында жер мен көктей алшақтық пайда болды. Мұның бірі тілдің табиғи болмысына ғана емес, сол тілде сөйлеуші жас ұрпақтың болашағына да зор нұсқан келтіре бастады.Тілдегі экологиялық құбылыстың бір көрінісі осыған байланысты да.

Латын әліпбиі арқылы түркі дүниесіне, түркі мәдениетіне жақындай түсеміз.

Жер жүзінде күн санап дамып отырған коммуникациялық процестердің технологиясына (компьютер, интернет, электропошта т.б.)латын жазуы арқылы еркін араласатын боламыз.

Тіл ғылымының атасы Әбдуали Қайдар латын әліппесі негізіндегі жазу мен емлені біртіндеп, жоспарлы түрде жүзеге асыру мақсатымен көп жылдық бағдарлама жасауды ұсынды.

Ғұлама ғалымның және басқа да тіл мамандарының осындай ортақ тұжырымдарының негізінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Бұл, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар бойғы арман-мұраты жүзеге асқан тарихи күн болды.

Қарагөз Сұлтанқызы,

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!