Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Диалектология дегеніміз не?

Дата: 03.11.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
1719
0
Диалектология дегеніміз не?

Қазақ тіл ғылымының көрнекті өкілі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, марқұм Шора Сарыбаев атамыздың сіңірген еңбегі орасан зор. Мен сол кісінің еңбегінен мына бір үзіндіні сендердің назарларыңа ұсынып отырмын.

Тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді (говорларды) зерттейтін саласы–диалектология (диалектос– сөйлеу, сөйленіс, логос – ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу. Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі сөйленістер мен диалектілерді зерттейді. Диалект, сөйленіс деп халықтық я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Олар жалпы тілге тəн ортақ белгілерден өзгеше ерекшеліктерді қамтиды.

Диалект деген термин тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тəн тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл мағынада диалект халық не ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады.

Сөйленіс (говор) – жергілікті диалектілердің белгілі бір шағын аймақтарын қамтитын бөлігі. Мəселен, Қазақстан жағдайында диалект екі-үш облыс көлеміндей жерді қамтыса, сөйленіс бір облыс немесе екі-үш аудан көлеміндей жерді ғана қамтуы мүмкін. Оның қанша аймаққа таралуы сөйленістердің қалыптасу тарихына, ондағы нақты жағдайларға байланысты. Негізгі тілдік белгілері бірыңғай сөйленістер ғана диалект ұғымын тудырады. Бір диалектінің ішіне оның басқа диалектілерден айырмасын көрсететін негізгі ерекшеліктерін жəне өздеріне ғана тəн неғұрлым ұсақ ерекшеліктерін сақтай оты-рып, бірнеше сөйленіс енуі мүмкін. Жергілікті ерекшеліктердің та-ралу шегіне қарай кейбір тілдерде сөйленіс өз ішінде бірнеше ұсақ

сөйленістерге бөлінеді. Негізгі диалектілік ерекшеліктері бірыңғайболып келген сөйленістердің жиынтығы бұрынғы орыс əдебиетінде, түркологтардың еңбектерінде наречие деп аталған.

Шынында, диалект, сөйленіс, наречие деген терминдер бірінен-бірі сонша алыс кеткен ұғымдар емес. Бəріне де жергілікті тіл ерекшеліктері негіз болады. Белгілі бір халыққа, ұлтқа жаппай түсінікті əдеби тіл нормасынан(сондай-ақ тілдегі басқа диалектілерден) өзгеше ерекшеліктері болса ғана диалект бола алады. Əдеби тілдегі жалпыға белгілі сөз, яғни зат атауы диалектіде басқаша айтылуы мүмкін, мысалы, жергілікті жерде əдеби тілдегідей зардабы, салдары деудің орнына зарпы; тегі, заты деудің орнына сойы; талаушы– шабаған, беймаза– бейана, кебек– буыз, үнемі– бойлай, əрең– шаққа, табалдырық– тебелдірік, есікілгегі– тепкі, шұлғау– байтаба болып айтылады. Тіпті əдеби тілдегікейбір сөздердің жергілікті халық тілінде əлденеше нұсқасы кездеседі: сіріңке– кеуірт, күкірт, шырпы, шағар, ши, оттық, шақпақ; шы-лапшын– лəген, жам, кірлен, шылаужын, тас; кесе– самал, пия-лай, кəсе, тасаяқ, шыныаяқ, ақпыр, ақпар,кардон, жанан; күрке– балағаш, балаған,

шайла, шабра, кепе, аткүрке, алтаяқ, қопын, ла-пас, жаппа; ізбес– əк, ақтас, нотас, утас, ақкеріш, т.б.

Шынында, жергілікті халықтың əдет-ғұрып, тұрмыс-салтындағы заттар мен ұғымдардың атауы болып келетін диалектизмдер аз емес. Осы тұрғыдан алғанда, диалектілік ерекшеліктер аса маңызды этнографиялық белгі болып табылады. Мыса-лы, Қостанайдың Жангелдин ауданында тайтұяқ деген сөздің жалпыхалық білетін мағынасынан (тай тұяғының көлеміндей сом күміс) басқа мұз оятын құрал деген мағынасы тағы бар. Бұл атау жергілікті халықтың мұз оятын құралды тайдың не аттың тұяғынан жасау əдетінен туған. Тандыр(нан) – кейбір оңтүстік аудандарда қабырғаларынананды қарып пісіруге арналған пеш атауынан шыққан. Кейбір елдерде диалектология осы күнге шейін белгілі дəрежеде этнографияға көмекші қызмет атқарады. Кеңес тіл білімінде диалектология ұлт тілінің халықтық жергілікті диалектілерін зерттейтін жеке саласы ретінде қалыптасты. Тілдің диалектілерге бөлінетіндігі ертеден-ақ белгілі. Тіпті көне замандардағы грамматикаларда вуль-гаризм (тұрпайы сөздер), провинциализм (аймақтық, облыстық тілерекшеліктері) сияқты терминдердің кездесуі– диалектілік ерекшеліктерді білгендіктен шығар.

Қарагөз Сұлтанқызы,

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!