Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Әліпбидің құрылымы

Дата: 27.10.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
503
0
Әліпбидің құрылымы

Қазіргі таңда латын әліпбиін үйрену заман талабы болып отыр. Көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтар жетерлік. «Бұл әліпбиді қалай үйренеміз, кейінгі жас ұрпаққа қиынға соқпайды ма? Кирил графикадан айырмашылығы қандай?» деген сұрақтарды жиі қойып жүреді. Кейінгі жастарға әліпбиді үйрену еш қиынға соқпайтынына сеніміміз мол. Жоғарыда айтқандай бұл–әлем тілі, ғаламтор тілі. Жас жеткіншектердің қолдарындағы ұялы телефондарына назар аударсақ, бір-бірімен хат алмасқанда да кирил қаріпіннің орнына осы латын әліпбиін қолданады.

Жаңа қазақ әліпбиінің тәртібі мен құрамына назар аударатын болсақ: жаңа қазақ әліпбиі 32 таңбадан тұрады. Оның ішінде 6 әріп акут арқылы берілген: Және де бұл әліпбиде екі диграф әріптері пайдаланылған. Қосар әріптер әліпбидің соңғы жағында тұрады. Жаңа қазақ әліпбиінде тоғыз дауысты дыбыс, 23 дауыссыз дыбыс бар. Кириллицамен салытстыратын болсақ, әліпбиден көргеніміздей 10 әріп қысқартылған. «Ц, щ, ю, я, э, ё, ь, ъ тәрізді әріптер латын графикасы бойынша қалай таңбаланады? Бұл әріптерді қалай жазамыз?» деген ой туындайды.

Ешқандай қиындықсыз, қалай естейміз солай жазамыз – деген ережені қолдануымыз керек. Жаңа емледе ё әрпі ó әрпімен таңбаланады: manóvr,dırıjór. Э әрпі е әрпімен жазылады: element, elevator. Ал жіңішкелік белгісі бар буынға жіңішке дауыстылардың әрпі жазылады да, жіңішкелік белгі ескерілмейді: gastról, paról. Ц әрпі және сц әріп тіркесі s әрпі арқылы жазылады: sırk, sement,desımetr,polısıa. Щ әрпі sh әрпімен жазылады: ýchıleshe, praporshık, borsh. Я,ю әріптеріне тоқталатын болсақ, бұл әріптер қазақтың төл және шеттілдік сөздерде жазылатын әріп таңбалары.

Жазуымызда қолданылып жүрген ё,я,ю таңбалары білдіретін дыбыстар қосар болып келеді. Я,ю әріптері қазақ сөздерінде й+а, й+у қосар дыбыстарын таңбалап, дауысты әріптен кейін ғана жазылады. Сол үшін де таңба әлде дыбыс екендігі күмәнді аталған я,ю әріптері жаңа әліпбидің емле ережесіне әріп тіркестерімен жазылады. Төл сөздеріге ю әрпі ıý әріп тіркесі түрінде жазылады. I әрпінен кейін тұрған ю әрпінің орнына ý жазылады: qıý, jıý. Я әріпі ıa әріп тіркесімен жазылады: qoıan, ıaǵnı. І әрпінен кейін тұрған я әрпінің орнына а жазылады: qıar, sıa, jarıa. Басқа тілден енген сөздерде ю әрпі ú әрпімен жазылады: parashút, glúkoza. Я әрпі á әрпімен жазылады: zarád, knáz, razrád. Басқа тілден енген сөздерде де ı әрпінен кейін тұрған я-ның орнына а жазылады: aksıa, alegıa, hımıa, gımnazıa.

Ең бастысы - біз жасалып жатырған өзгерістерге оң көзбен қарап, жаңа әліпбиді меңгеруге талпыныс жасауымыз керек!

Дмитрий Ромащенко,

Горький атындағы гимназиясы

қазақ тілі пәнінің мұғілімі

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!