Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ұлттың жаны – Абай тілі

Дата: 27.10.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
607
0
Ұлттың жаны – Абай тілі

Өмірдің, көңілдің, күнделікті күйбең тірліктің кез келген көрінісінде тіл ұшына Абай оралады. Қуансаң да, көңілің түссе де, бір мәселенің шешімін іздесең де Абайдың өлеңі, қара сөздері, Абай аузынан шыққан есті әңгімелері көкейіңді түрткілей береді. Алаштың айтулы ақыны Мағжан Жұмабаев, Абайға: «Шын хәкім, сөзің асыл - баға жетпес, бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес»,-деп баға беріп кеткен. Абайдың барлық шығармашылығы еліне деген сүйіспеншіліктен туындаған. Абайдың негізгі ұраны «қайран елім, қазағым, қайран жұртым». Осы жұртты қалай ел қыламын қазағым, халқымды қалай төрге жетелеймін деп өмір сүрді. Абай - қазақ қоғамын бір сатыға, бір сапаға, бір белеске, бір биікке алып шыққан тұлға.

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек бұл - адамның үш қасиеті. Қайрат пен ақылды жүрек арқылы түзеу керек. Жүрек – әділеттілік пен мейірімділіктің, ынсап пен қанағаттың, тәубашылықтың жағында. Толық адам болу үшін тумысы дұрыс болу керек, атасы, анасы, құрбасы жақсы болуы керек және ұстазы жақсы болуы керек. Абайдағы толық адам әрбір қазаққа идеалды жол нұсқайтын тұлғаға айналу керек. Абайды түсіну үшін бас пен көз жеткіліксіз, оған жүректің көзі болуы тиіс. Адамның оқығаны жүрегіне сіңсе, сол кезде адам - адамшылықтың асқарына қарай бет алған , халыққа пайдасы тиетіндей, ұяты, ары бар үлкен, толыққанды азамат болып шығады. Толық адам деген - жақсы адам деген сөз. Жақсы адам бірінші -Алланы танымақ, екінші өзін танымақ, үшінші дүниені танымақ. Алланы танымақ дегеніміз, жаратушының берген нығметін, несібесін, ризығын танып, содан соң өзін, кейін дүниені тану керек.

Ағылшындарды Шекспир арқылы, немістерді Гете арқылы таниды, ал Абай дегенде қазақ елі деп танитындай деңгейге жетуіміз керек. Абайдың тойын тойлау емес, Абайдың ойын тойлауымыз керек. Абайдың даналығынан ұлағат алу, ғибрат алуға ойымызға ой қосуымыз тиіс.

Гүлназ Қарымсақова,

Әулиекөл ауданы әкімдігінің

білім бөлімінің

әдіскері

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!