Тіл маржаны – Абай мұрасында
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына байланысты қашықтықтан Қостанай қаласындағы № 2 мектеп –лицейінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында " Абай мұрасы – халыққа аманат " атты тағылымды кеш өткізілді. - Қазақтың ғажайып тілі мен оның құдіреті - ұлы ақын Абайдың мұрасында. Оны оқып, бойға сіңіру, тану арқылы біз алдымен өзімізді байытамыз. Ана тіліміз арқылы қазақ ұлтының асыл қасиеттерін танимыз. Абай біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс. - бұл қазақ тілі және әдебиет пәні бірлестігінің жетекшісі Г.Қ.Торинаның ой-пікірі.
Айтулы іс- шараға Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы А.С.Әділова, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Г.К.Жүрсіналина ағы басқалары. қатысқан. Абай өлеңдері мен қара сөздерінің мән-мағынасы, жалпы Абай шығармаларының өмірдегі алатын орны туралы айтып, өз ойларымен бөлісті. Ақынның шығармаларындағы лебізі, әуезді сөздері неше жыл өтсе де, қазіргі заманда берер тәрбиесі бар. Қазақ тілінің інжу-маржандарын, бай шұрайлы теңеулері мен үйлесімдерін меңгерем, үйренем деушілерге ақын шығармалары үлгі-өнеге.
Кешке қатысқан тіл мамандары хакімнің шығармашылығынан жүргізіп жатқан зерттеу жұмыстары туралы ойларын ортаға салды. Ғұлама зерттеген тұлғалар жайында сөз қозғап, олардың еңбектеріне шолу жасады. Мысалы А.Қайржанқызы өзінің ой -тоғанысында Абай ілімі заман сұранысы, қазіргі тілмен айтатын болсақ, Абай күллі адамзатқа «бақытты болу» формуласын ұсынды деп айтып өтті. Ақын мұрасы -халқымыздың санасын жаңғыртатын ұлттық идея деп атады.
Кеш мазмұнды да әсерлі, тағлымды болды.
Әсем Айнабекқызы
Комментарии