Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ана тілімді ардақ тұтамын

Дата: 20.10.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
538
0
Ана тілімді ардақ тұтамын

Менің есімім Дінислам. Мен Қостанай облысы, Аманкелді ауданында дүниеге келдім. Отбасымыз осы уақытқа дейін Аманкелді ауданында тұрды. Бірақ, бірнеше жыл бұрын біз ауылдан көшіп кеттік. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынымыз. Бәріміз ауылды сағынамыз. Ол жақта менің ата-анамның, ағаларым мен әпкелерімнің жастық шақтары өтті. Дегенмен, бізге қалада тұрған ұнайды. Оның үстіне еліміздің астанасында.

Қаланың өмірі тым қауырт, әрі шулы. Білімді де білікті мамандар жұмыс істейтін біздің мектепте тіл білмеу өте қиын. Сол үшінде мен ағылшын тілінен курсқа қатысамын. Қазір ағылшын тілін өз деңгейімде жақсы білемін десем болады. Қаланың адамдары орысша сөйлейтіндіктен, ол тілді де үйренуге тура келді. Бірақ, мен өзімнің ана тілім – қазақ тілін ардақ тұтамын.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демей ме. Менде осы сөзді өмірлік ұстаным етемін. Болашақта қанша тілді меңгерсем де, тек өзімнің ана тілімде сөйлейтін боламын. Кейбір менің замандастарым қазақ тілін ұмытып қалған. Түсінеді бірақ сөйлей алмайды. Мен кейде осындай өз тілін білмейтін қазақтар үшін ұяламын. Кішкентай болсамда, менің намысым бар. Мен қашанда қазақ тілін бірінші орынға қоямын. Елімнің туын биікке көтеріп, елтаңбамды мақтан тұтып, әнұранымды шырқап жүретін боламын!

Иә, әр халықтың өзіне тән ана тілі бар. Қазақ халқының ана тілі – ол қазақ тілі екенін бәріміз білеміз. Менің тілім – таусылмайтын байлығым. Мен өз тілім арқылы алғаш әліппені таныдым, сауатымды аштым. Тілім арқылы өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату әрбір қазақ азаматының борышы деп білемін. Себебі, біздің болмысымыз, салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз, дініміз бен мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге баршамыз міндеттіміз. Өйткені, тіл – ата-бабамыздан бізге қалған ең үлкен аманаты. Тілдің көмегімен өнерді, білімді, тарихты, ғылымды игереміз, өткен-кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. «Өнер алды – қызыл тіл» деген осыдан шықса керек. Әкем айтпақшы, «тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді, өседі».

Дінислам СӘЛІМЖАНҰЛЫ,

Рақымжан Қошқарбаев атындағы № 1 мектеп

4 сынып оқушысы

Қосшы ауылы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!