Ана тілі - ұлт болашағы!
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қалай болса да қарсы тұруы тиіс. Ана тіл і– ең басты байлығымыз. Ана тілі – ең ұлы және ең тамаша тіл. Менің ана тілім – қазақ тілі.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Ана тілі – халық болып қалыптасқаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі, – деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Менде өзімнің ана тілімді құрмет тұтатамын.
Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеруге міндетті. Мен ана тіліммен мақтанамын және мемлекеттік тілді мақтан тұтамын. Ең тәтті де – тіл, ең ашты да – тіл, ең жұмсақ та – тіл, ең қатты да – тіл. Тіл – ұлттың жан дүниесі. Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ. Тіл – ұлы, құдіретті, көмектеседі, үйретеді, ұлықтайды, біздің болашағымыз – ана тілінде. Мен әлі мектеп оқушысы болсам да, ұлтқа және тілімізге деген мәртебені жақсы түсінемін.
Тіл – халықтың алтын діңгегі. Әр халық алдымен өзінің туған тілін білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі, сол халықтың тілінде жазылады. Олай болса, әрқашан тілімізді құрметтейік, қастерлеп өтейік дегім келеді. Мен өзге тілді білсем де, тек өз тілімде сөйлейтін боламын!
Ақылбек ҚАЗЫКЕН,
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі,
3 сынып оқушысы,
Амангелді ауданы.
Комментарии