Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Үнемі ізденеміз

Дата: 20.10.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
564
0
Үнемі ізденеміз

Елбасының тапсырмасы бойынша үш тілді меңгеру мақсаты көзделген. Биылғы Тіл мерекесіне орай ана тілімен бірге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен тілі, тарихын терең білуге бағытталған шаралар жоспарланып, іске асырылуда.

 

Негізгі мақсат – балалардың тілге деген құрметін арттыру, өзге ұлттардың мәдениетін және ерекшеліктерін таныту, тілдің қоғамдағы атқаратын рөлін ұғындыру, балаларды үштұғырлы тілді жетік білуге тәрбиелеу және шығармашылық ізденіс қабілеттерін дамыту. «Тіл – әр халықтың байлығы» деп тегін айтылмаса керек. Оны ертеден ата-бабамыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, мына біздерге аманат еткен. Мерекеге орай «Жұпар» бөбекжай-балабақшасының «Ертөстік» тобында тәрбие сағаты өткізілді.

Шара мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, дамыту, тілге деген қызығушылығын арттыруды көздеді. Әдістемелік күннің алғашқы бөлімі оқытудың жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерін, оларды қолдану мүмкіндіктерін көрсете білу барысында болса, екінші бөлімі тәрбие жұмыстарына бағытталды. Менің ұйымдастыруыммен өткізілген ашық тәрбие сағаты шығармашыл балалардың ғылыми көзқарасын, ізденімпаздығын насихаттау мақсатын діттеп, соған жетті деуге де әбден негіз бар.

 

Кенжегүл СЕМБИНА,

«Жұпар» бөбекжай-балабақшасы

І санатты тәрбиеші,

Амангелді ауданы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!