Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен»

Дата: 20.10.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
1932
0
«Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен»

Қазақ халқының ұлттық мінезі ғасырлар бойы елдің тұрмыс-тіршілігіне, табиғатына, тарихи жағдайларына байланысты дамып, қалыптасқан. «Қазақтың моральдік кодексін олардың мақал-мәтелдері мен аңыз әңгімелерінен іздеңіз», - дейді О.Сүлейменов.

Қазақ халқының тілі соншалықты бай, адамның мінезін сипаттауда, нақыл сөздерді, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді дөп басып қолдана білген.

Айталық «Ағайын тату болса, ат көп, Абысын тату болса, ас көп», - деп тегін айтылмаған болар. «Қаймағы бұзылмаған, арасынан қыл өтпейді» секілді тұрақты тіркестерді ұтымды қолдана білген.

Татулықпен қатар көрегендік, өмірден тәжірибе жинақтау, өзгелердің жақсылығынан үлгі алу секілді қасиеттер де шебер суреттелген. «Атасы жақсы, көргенін айтады, Атасы жаман бергенін айтады», -дейді дана қазақ.

Жомарттылықты да дөп басып, көркем сөзбен жеткізе білген. «Қолы ашықтың, жолы ашық» демекші, қайырымдылық жасап, өзгелерге жақсылық жасап, қолда бармен бөлісіп үйренген жөн. «Тар пейілді кеңімес, Кең пейілді кемімес», - деп Бұқар жырау бекер айтпаған болар. Асыңызға тойғызбасың да, адал ниетіңізге тойдырыңыз.

Жақсы сөз сөйлеуді, оптимист болуды да кеңінен сипаттай білген: «Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз». Сөзбенен адамды жұбатуға да, жылатуға да болады. Сондықтан, «періштенің құлағы бірде ашық, бірде жабық» демекші, сіздің айтқан әрбір жақсы тілегіңіз періштенің құлағына жетеді.

Қазақ халқына тән ерекше қасиеттердің бірі – адалдығы, досына, отбасына, Отанына деген адалдығы.

«Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен», - деп дана Мұхтар Әуезов бекер айтпаған болар. «Өрге жүзген өнегелі ісімен, таңда адал дос өз теңіңнің ішінен» деген екен Әл-Фараби.

Қорытындылай келе, «Адамның құлқы түзелмей, Өмірдің қалпы түзелмейді» демекші, Абай атап өткен «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректің» иесі атануға талпынайық.

Айнұр Мұратқызы,

С.Мәуленов атындағы гимназияның

директордың орынбасары,

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!