Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Екі жұлдыз»

Дата: 20.10.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
581
0
«Екі жұлдыз»

Қазақтың кәусар бұлақтай құдіретті тілі балғын жүректерде тағы бір жаңғырды! Ана тіліміз әуезді ән болып шырқалды! «Француз тілі Еуропаға қалай әсер етсе, қазақ тілі түркі мәдениетіне дәл солай әсер еткен» деген В.Радловтың көрегенділігін тағы бір еріксіз мойындадық. Қостанай қаласындағы № 19 орта мектебінің ұйымдастыруымен Абайдың175 жылдығына орай қалалық онкүндік аясында Абай туындыларын насихаттауға арналған қалалық «Екі жұлдыз» атты байқауы ZOOM платформада қашықтықтан өткізілді. «Абай оқулары» байқауында 400-дей өлеңін жаттап, 2007 жылы Республикалық байқауда өнер көрсетіп, жүлделі 1 орынға ие болған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Толқын Жазықова ұлы ақынның «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» жырымен сахна шымылдығын ашып берді. Байқауға қаладағы 13 мектеп қатысқан. Абай шығармалары байқаудың іріктеу кезеңінен өткен 8 мектеп өз өнерлерін көрсетті. Балалар мен жетекшілер Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», тағы басқа туындыларын айтып, өлендерін шырқады.

-Қашықтықтан өткізілген ерекше байқауымызда барлық қатысушылар жеңіске тұрарлық, -дейді, әділқазылар мүшелері. Әйтсе де, қалалық білім бөлімінің әдіскері Жанар Жұмагұлова бастаған әділқазы мүшелерімен келісе отыра, жүлделі орындар тағайындалды.

Олар орындалған шығармалардағы көркем сөздің анық та таза айтылуына айрықша мән берді. Абайдың кәусар сөздері өзінен –өзі ән болып құйылып жатты. М.Горький атындағы гимназиядан Д.Исенаманова, А.Бекболатова, Ғ.Қайырбеков атындағы № 9 орта мектептен К.Сапарбекова, Б.Шашкенова жетекшілік еткен жас өнерпаздар жүлделі І орынды иеленсе, ІІ орындарды № 16, 21 және 29 орта мектептің әншілері бөлісті. Ал, № 15 орта 19 орта мектебі мен №2 мектеп-лицейінің балғындары ІІІ орынды жеңіп алды. Сонымен қатар № 5,30 орта мектептері , 28 мектеп-гимназиясы мен Чапаев негізі мектептерінің балауса өнерпаздарына белсене қатысқаны үшін алғыс айтылды.

Ұлттың тілі – оның жаны, рухы. Үн болып айтылып, ән болып шырқалып көрермендер жүрегін айрықша тербетті деп баға беруге болады.

 

Әсем Айнабекқызы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!