Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Үш тіл – үш тұғыр»

Дата: 13.10.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
534
0
«Үш тіл – үш тұғыр»

Жыл сайын Рудный қаласындағы №14 балабақшада Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған іс-шара өтеді. Биыл да дәстүге сай мерекеге орай мақала тақырыбымен аттас фестиваль ұйымдастырылды.

 

Осыдан 22 жыл бұрын, яғни 1998 жылы қыркүйекттің 22-сінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Тіл туралы құжатқа қол қойды. Содан бастап Қазақстан халықтарының тілдер күні 20 жыл бойы дәл сол күні атап өтіліп келді. Кейін 2018 жылдан бастап Тілдер мерекесі қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін қалаушысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай қыркүйектің 5-інде тойланып келеді.

Қазақстан – 130-дан астам ұлт пен ұлыстың басын қосқан үлкен шаңырақ іспетті. Әрбір халықтардың өзіндік дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бар, әрқайсысы өзара ана тілінде сөйлейді. Балабақшамызда өткен шара барысында ҚР Әнұраны орындалды. Артынша балаларға қонаққа ертегі кейіпкерлері – Жалқаубек пен Мисис Робинс келді. Балалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлең оқыды. Сондай-ақ «Ручеек», «Тақия тастамақ» және «Опе, опе, опе» орыс халық ойындарын ойнап, үш тілде «Солнечный круг» әнін орындады. Балалар ойын ойнап, ептіліктерін көрсетіп, командалық рухты дамытты. Мереке барысында балаларға шығармашылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік берілді.

 

Әлия БЕГАЙДАРОВА,

№14 бөбекжай-балабақша

қазақ тілі мұғалімі,

Рудный қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!