Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Латын әліпбиі

Дата: 13.10.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
625
0
Латын әліпбиі

Мен газеттің тұрақты жазылушысына айналдым. Ал, нақтылай айтсам өзімнің ойымды еркін жеткізуді үйрендім. Қазір мен бұл газеттің оқырманы ғана емес, мақала авторларының бірімін. Яғни, өзімнің жазған жазбаларымды жолдап тұрамын. Еңбегімді бағалап, жазған материалымды қолдап газет бетіне шығарып жатқан редакция ұжымына алғысымды білдіремін.

Менің қазір айтқалы отырған тақырыбым латын әліпбиі жайында болмақ. Ағылшын әріптерін жатқа білетін біз үшін латын қарпі қиынға соқпайтын сияқты. Жалпы, елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі соңғы жиырма жылда көтеріліп, соның оң жылында қызу талқыланып келе жатқан тақырыптардың бірі екендігі бәрімізге белгілі-ақ. Тұңғыш президентіміз латынға көшуді қолға алуды тапсырған болатын. Бірден латынша жазып үйреніп кету оңай нәрсе емес. Сондықтанда, еліміз ақырын асықпай бастап жатыр. «Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік» – деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін бәріміз де санамызбен түсініп, оның шынында да, қазіргі қоғамға тигізер ықпалы туралы ойлануымыз керектігі де маңызды. Дегенмен, қазақ әліпбиіне үйреніп қалған қарияларымызды латынша жазуға үйрету қиын болады. Сондықтан, мектеп оқушыларына үйретуден бастаған дұрыс секілді.

Менің атам мен әжем біз үшін бірдеңе үйрену қазір кеш. Біз қартайған адамдармыз деп айтады. Ал, үлкен әпкелерім қиын емес, латынша жазғанымыз дұрыс деп жатады. Осыдан-ақ, елімізде латын әліпбиіне көшу әлі де екі жақты тартыс пен талас тудырып отырған мәселе екенін аңғаруға болады. Меніңше, қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен, заман талабы болып отыр. Дегенмен, бұның бәрі біздің болашағымыз үшін деп ойлаймын. Сондықтан, латын әліпбиі біз үшін өте маңызды. Қазірден осы әліпбиді оқып үйрене бергеніміз дұрыс. Мен осы уақытқа дейін үйреніп, әріптерді жаттап та алдым.

 

Тілек ҚАБИМОЛДА

8 сынып оқушысы

Арқалық қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!