Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тастылық Марал –тума талант

Дата: 13.10.2020 Рубрика: Тіл жаңғырту
434
0
Тастылық Марал –тума талант

Қазақ тілінің құдіреті мен киесі туғаннан бойына дарыған қаршадай ғана қайсар қыздың аты - Марал. Мектебіміздің мақтанышы, бетке ұстар алдыңғы қатарлы үздік оқушымыз.

Бірнеше дүркін «Абай оқуларының» жеңімпазы, «Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпазы, ақындығымен, көркем сөз оқудың хас шеберлігімен танылып жүрген жас өрен - жарқын болашағымыз. Алысқа бармай-ақ былтырғы жылдың өзінде аудандық зерттеу жұмысынан І орын, «Абай оқуындағы» көркемсөз оқу номинациясынан 1 орын алса, міне көп ұзатпай биылғы жылды да нәтижелі бастап отыр.

Ақылына көркі сай, білімді оқушымыз осы жылдың тамыз айында «Құт мекенім – Қостанай» тақырыбындағы облыстық сырттай өлеңдер конкурсына өз жұмысын ұсынған болатын. Өлең шығарып қана қоймай, ауылымыздың сұлу табиғатын шағын бейнероликке түсіріп жіберді. Артынан көп ұзамай жақсы жаңалық та жетті: жүлделі І орынды иеленген қызымызға ел болып қуандық.

Маралға туған тілінің шырайын ашып, денсаулығы мықты болып, білім жолындағы еңбектері еленіп, мектебіміздің ғана емес, ауданымыздың, облыстың, республикамыздың намысын ту қылып ұстарына тілектеспіз.

 

Қазақстан-байтақ өлке, туған жер,

Қазақ деген белін бекем буған ел.

Нағыз қазақ болсаң егер бауырым,

Құт мекенге, қымыз ішіп, атпен кел!

 

Осы жерден шыққан батыр, ғұлама,

Топырағың қасиетті, құнарлы, ә?!

Қостанайдан шыққандардың барлығы,

Өнерімен баурап елді тұрады, ә?

 

Қостанайым даңқың шыққан қаласың,

Бөлмес тіпті ағын, сары, қарасын.

Саф ауасын жұтқанында ерекше,

Көктен бақыт тапқандай боп қаласың.

 

Құт мекенім-Қостанайым, арманым,

Бір өзіңе ән-жырымды арнадым.

Биік белес, асу болып әр кезде,

Құлдырамай, тек биікте самғағын!

 

Луиза Өтеғалиқызы,

Тасты орта мектебі

директордың тәрбие ісі орынбасары

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!